1. Қоса беріліп отырған Шикі мұнайға және (немесе) газ конденсатына және мұнай өнімдеріне нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесі бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 24.12.2020
Шикі мұнайға және (немесе) газ конденсатына және мұнай өнімдеріне нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1568 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 24 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 22.12.2020 жылғы № 876 Қаулысына сәйкес
"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1568 қаулысымен бекітілген
Шикі мұнайға және (немесе) газ конденсатына және мұнай өнімдеріне нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесі
Р/с № |
Ақпарат көздері | Басып шығарушы мен басылым елі | Тауардың (қызметтердің) атауы | СЭҚ ТН коды |
1 | Сrudе Оіl Маrкеt Wіrе Ваsіс Sеrvісе | Тhе МсСrаw-Нill Соmраnіеs (Рlаtts), Ұлыбритания | Мұнай | 2709 00 900 0 |
2 | Еurореаn Маrкеt Sсаn Ваsіс Servісе, Аsіа-Расіfiс/Аrаb Gulf МаrкеtSkаn | Тhе МсСrаw-Нill Соmраnіеs (Рlаtts), Ұлыбритания | Мұнай өнімдері | 2709 00 100 0, 2710 |
3 | Аргус Ресей мұнай нарығы | Аrgus Меdіа (Russіа)Ltd. (Реtrоlеumаrgus), Ұлыбритания, Ресей | Мұнай және мұнай өнімдері | |
4 | Аргус Мұнай экспорты | Аrgus Меdіа (Russіа)Ltd. (Реtrоlеumаrgus), Ұлыбритания, Ресей | Мұнай | |
5 | Аргус Мұнай өнімдерінің экспорты | Аrgus Меdіа (Russіа)Ltd. (Реtrоlеumаrgus), Ұлыбритания, Ресей | Мұнай өнімдері | |
6 | Аргус Каспий нарығы | Аrgus Меdіа (Russіа)Ltd. (Реtrоlеumаrgus), Ұлыбритания, Ресей | Мұнай және мұнай өнімдері |
Полная версия