Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.12.2017
"Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 16 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 7 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 05.12.2017 жылғы № 809 Қаулысына сәйкес
Редакция 07.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін. 
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 16 қаңтардағы
 N 16 қаулысымен
 бекітілген
"Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолданылу саласы 
1. Осы "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент): 
1) Қазақстан Республикасының " Өрт қауіпсіздігі туралы " 1996 жылғы 22 қарашадағы, " Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы " 2001 жылғы 16 шілдедегі, " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңдарын іске асыру; 
2) азаматтар өмірі мен денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті өрттен қорғау мақсатында қабылданды. 
2. Техникалық регламент кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды (бұдан әрі - объектілерді) қорғауға арналған өрт техникасын орналастыруға және оған қызмет көрсетуге, сондай-ақ оның тіршілік циклінің процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді. 
3. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасына (ҚР СЭҚ ТН) сәйкес осы Техникалық регламенттің талаптары қолданылатын өнімдердің тізбесі осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген.
4. Осы Техникалық регламентте " Өрт қауіпсіздігі туралы ", " Техникалық реттеу туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес негізгі ұғымдар қолданылады және тиісті анықтамаларымен мынадай терминдер қосымша пайдаланылады: 
1) өрт сөндірушінің әскери киімі - өрт сөндірушінің судан және беттік-белсенді заттардан қорғауға арналған киімі; 
2) жауынгерлік есеп - нормативтік құжаттармен белгіленген міндеттері бар өрт машинасындағы жеке құрам; 
3) сорғыш өрт түтік құбыры (сорғыш түтік құбыр) - суды өрт сорғысының көмегімен су көзінен алуға арналған қатты құрастырмалы өрт түтік құбыры; 
4) сорғыш өрт торы (сорғыш тор) - сорғыш желінің өздігінен босауын болдырмайтын және оған бөтен заттардың түсуін болдырмайтын құрылғы; 
Полная версия
ИС BestProfi