Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 514 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 299 Қаулысына сәйкес (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2016 жылы № 105 (28834) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.05.2025 жылғы № 352 Қаулысына сәйкес (03.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.05.2025 жылғы № 352 Қаулысына сәйкес (03.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 299 Қаулысына сәйкес (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2016 жылы № 105 (28834) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.05.2025 жылғы № 352 Қаулысына сәйкес (03.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 299 Қаулысына сәйкес (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2016 жылы № 105 (28834) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.05.2025 жылғы № 352 Қаулысына сәйкес (03.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 299 Қаулысына сәйкес (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2016 жылы № 105 (28834) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.05.2025 жылғы № 352 Қаулысына сәйкес (03.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалған Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) бағасын (тарифін) реттеу тәртібі айқындалады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 299 Қаулысына сәйкес (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2016 жылы № 105 (28834) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.05.2025 жылғы № 352 Қаулысына сәйкес (03.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) уәкілетті орган - байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;
2) оператор – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру жөніндегі қызметтерді көрсететін заңды немесе жеке тұлға;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 299 Қаулысына сәйкес (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2016 жылы № 105 (28834) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) активтердің реттелетін базасы - Оператордың бухгалтерлік теңгерімінде көрсетілетін және қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын жеке меншіктегі немесе өзге заңды негіздердегі активтердің құны;
4) бөлектеп есепке алу - кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді қызмет бағыттары мен қызмет түрлері бойынша бөлу үшін нақтылаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін бухгалтерлік және басқару есебін жүргізу үшін пайдаланылатын бастапқы құжаттарға негізделген қызметтердің әрбір түрі бойынша бөлек кірістер, шығындар және қолданысқа енгізілген активтер туралы ақпаратты жинау және қорыту жүйесі.
5) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы – өзіне бекітіп берілген «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.
4-тармақ 5-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 299 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2016 жылы № 105 (28834) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды