Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 514 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 299 Қаулысына сәйкес (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2016 жылы № 105 (28834) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.05.2025 жылғы № 352 Қаулысына сәйкес (03.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 20.12.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.05.2025 жылғы № 352 Қаулысына сәйкес (03.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 299 Қаулысына сәйкес (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2016 жылы № 105 (28834) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.05.2025 жылғы № 352 Қаулысына сәйкес (03.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 14 сәуірдегі
 N 514 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 299 Қаулысына сәйкес (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2016 жылы № 105 (28834) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.05.2025 жылғы № 352 Қаулысына сәйкес (03.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифтерді) реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 299 Қаулысына сәйкес (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2016 жылы № 105 (28834) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.05.2025 жылғы № 352 Қаулысына сәйкес (03.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.12.2025 жылғы № 1053 Қаулысына сәйкес (21.05.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалған Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) бағасын (тарифін) реттеу тәртібі айқындалады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 299 Қаулысына сәйкес (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2016 жылы № 105 (28834) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.05.2025 жылғы № 352 Қаулысына сәйкес (03.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қағидалар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қызмет көрсететін байланыс операторларына (бұдан әрі – Оператор) қолданылады
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.12.2025 жылғы № 1053 Қаулысына сәйкес (21.05.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 299 Қаулысымен (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2016 жылы № 105 (28834) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.12.2025 жылғы № 1053 Қаулысына сәйкес (21.05.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) активтердің реттелетін базасы – Оператордың бухгалтерлік балансында көрсетілетін және қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын жеке меншіктегі немесе өзге заңды негіздердегі активтердің құны;
2) бөлектеп есепке алу – кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді қызмет бағыттары мен қызмет түрлері бойынша бөлу үшін нақтылаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін бухгалтерлік және басқару есебін жүргізу үшін пайдаланылатын бастапқы құжаттарға негізделген қызметтердің әрбір түрі бойынша бөлек кірістер, шығындар және қолданысқа енгізілген активтер туралы ақпаратты жинау және қорыту жүйесі;
3) Оператор – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және ұйымдардың қажеттіліктері үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кабельдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру жөнінде қызметтерді көрсететін заңды немесе жеке тұлға;
4) уәкілетті орган – байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;
5) «электрондық үкiмет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы – өзіне бекітіп берілген «электрондық үкiмет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Қызметтерге бағалар (тарифтер) қалыптастыру тәртібі
Полная версия
ИС BestProfi