Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 01.07.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 26 тамыз N 1247
"Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 5-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 71, 72-баптарына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 114-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу ережелері бекітілсін.  
2. "Республикалық бюджет қаражатының есебінен адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1361  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 43, 393-құжат) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.  
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады. 
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің 1999 жылғы
 26 тамыздағы N 1247
 қаулысымен
 бекітілген
Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері
1. Адвокаттардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң  72-бабына, Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң  114 және  304 -баптарына, "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң  590 -бабына және "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң)  5-бабының 2-тармағына ("Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген жағдайлардан басқа) сәйкес ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсетiлетiн заң көмегiне ақы төлеу және осы жағдайларда қорғау мен өкiлдiк етуiне байланысты шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.  
Заң көмегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды республикалық бюджет қаражатының есебiне жатқызу үшiн қылмыстық істi жүргiзетiн органның, судьяның, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істердi қарауға уәкiлеттiк берiлген органның (лауазымды адамның) қаулысы және өндiрiсiнде осы iс бар соттың (бұдан әрi - тиiстi орган) азаматтық iстер жөнiндегі ұйғарымы негіз болып табылады.  
Адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы қаулыны немесе ұйғарымды шығару және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу үшiн адвокаттың өтiнiшi негiз болып табылады.  
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 24.12.2001. № 1683 қаулысымен. (26.08.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Анықтау органының немесе тергеушiнiң республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және қорғауға байланысты шығындарды өтеу туралы қаулысы адвокат тапсырманы орындағаннан кейiн, ал тапсырманы орындау бiр айдан асып кетсе - ай сайын шығарылады.
3. Республикалық бюджет қаражатының есебiнен қылмыстық iс бойынша адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және қорғауға байланысты шығындарды өтеу туралы сот қаулысы үкiм қабылдаумен не iстi қосымша тергеуге жiберу немесе iстi тоқтату туралы процессуалдық шешiм қабылдаумен бiр мезгiлде шығарылады.  
Сот талқылауы бiр айдан асып кетсе, сот қаулысы ай сайын шығарылады.  
Сот қаулысы адвокаттың өтiнiшi бойынша үкiм жарияланғаннан кейiн де шығарылуы мүмкiн. 
4. Азаматтық iс бойынша адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және өкiлдiк етуге байланысты шығындарды өтеу туралы соттың ұйғарымы шешiм қабылдаумен бiр мезгiлде шығарылады.  
Соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкілеттік берiлген органның (лауазымды адамның) адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулысы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы шығарумен бiр мезгілде шығарылады.  
4-тармақ толықтырылды ҚР Үкіметінің 24.12.2001. № 1683 қаулысымен.
5. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен алдын ала тергеуде және анықтауда, сондай-ақ әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуде адвокат көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк eтугe байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулыда (бұдан әpi - қаулы) мыналар көрсетiледi: 
Полная версия
ИС BestProfi