«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015
Астықты сақтау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1569 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес «Астықты сақтау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.06.2015 жылғы № 4-1/573 Бұйрығын қараңыз
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Астықты сақтау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1569 қаулысымен бекітілген
Астықты сақтау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Астықты сақтау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленген және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қоймаларында (элеваторларда, астық қабылдау пункттерінде) астықты сақтау тәртібін айқындайды.
2. Астық қабылдау басталғанға дейін астық қоймасының (элеваторлардың, астық қабылдау пунктінің) барлық технологиялық желілері жарамды күйге келтірілуі, астық қорының, оның ішінде карантиндік, зиянкестерден таза болуы және жұмыс істеуге дайын болуы:
1) өндірістік-технологиялық зертхана (бұдан әрі - ӨТЗ) - астық сынамаларын іріктеп алу және астық талдауларын жүргізу үшін тиісті аспаптармен, зертханалық жабдықтармен және қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз етілуі;
2) таразы жабдығы және салмақ өлшеу аспаптары - тексеруден өткізілуі (тексеруден өткізілігенін дәлелдейтін құжат немесе таңба салынған болуы тиіс);
3) жүк түсіретін құрылғылар, механизмдер, машиналар мен жабдықтар - астық жеткізіп беретін көлік құралдары түріне және габаритіне сәйкес болуы тиіс;
4) қабылдау бункерлері - тексеріп қаралған, тазартылған, тиісті қақпақтармен, торлармен, құлыптармен жабдықталған, астықты жылдам және қауіпсіз түсіріп алуға қажетті жабдықтармен және құралмен жарақтандырылған болуы;
5) аумақтағы негізгі жолдар және қабылдау қондырғыларына, қоймаларға, жүк түсірілетін орындарға келетін жолдар - асфальт төселген және жарықпен жабдықталған болуы тиіс.
3. Астық қоймаларының (элеватордың, астық қабылдау пунктінің) аумағындағы автокөлік жүретін қозғалыс бағытында жүк түсірілетін орындардың, өтпе жолдардың, қоймалардың көрсеткіштері және тағы басқалары орнатылуы тиіс. Жүк түсіретін орындарда көрнекті жерлерде жүк түсірілетін жерлерге берілген нөмірлер немесе атаулары көрсетілуі тиіс. Кірер жолда көрнекті жерде автокөліктің жүк түсіретін орынға жетуінің карта-схемасы орналастырылуы тиіс.
4. Жаңа егіннің астығын қабылдауды ұйымдастыру үшін астықты орналастыру жоспары:
Полная версия