Близость слов: Окончание:





Астықты сақтау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 4-1/573 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 тамызда № 11839 тіркелді
Редакция 29.06.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Астықты сақтау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.06.2026 жылғы № 228 Бұйрығына сәйкес (30.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
_______________ Е. Досаев 
2015 жылғы 3 шілде
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 26 маусымдағы
 № 4-1/573 бұйрығымен
 бекітілген
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2019 жылғы № 219 Бұйрығына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Астықты сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген және астық қабылдау кәсіпорындарының астық сақтау қоймаларында (элеваторларында, астық қабылдау пункттерiнде) астықты сақтау тәртiбiн айқындайды.
2. Астық қабылдау басталғанға дейін астық сақтау қоймасының (элеваторлардың, астық қабылдау пунктiнің) барлық технологиялық желілері ақаусыз жай-күйге келтірілуі, астық қорының зиянкестерден, оның ішінде карантиндік зиянкестерден тазалануы және жұмыс істеуге дайын болуы:
1) өндірістік-технологиялық зертхана (бұдан әрі – ӨТЗ) – өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сәйкес қолдануға рұқсат етілген тиісті аспаптармен, зертханалық жабдықпен және сынамаларды іріктеу және астық талдауларын жүргізу үшін қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз етілген;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.06.2026 жылғы № 228 Бұйрығына сәйкес (30.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сәйкес тексеруден өткен таразы жабдығы мен салмақ өлшеу аспаптары (тексеру туралы сертификаты және салыстырып тексеру таңбасы бар);
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.06.2026 жылғы № 228 Бұйрығына сәйкес (30.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) жүк түсіретін құрылғылар, механизмдер, машиналар мен айлабұйымдар – астық жеткізіп беретін көлік құралдарының түріне және габаритіне сәйкес болуы;
Полная версия
ИС BestProfi