Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.05.2014
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қыркүйектегі № 1169 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 31.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 04.04.2014 жылғы № 319 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) «Авторлық құқық және сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Тауарларды кедендік тазарту және шығару» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қағазсыз кедендік декларациялауды жүзеге асыру (кедендік рәсім – экспорт)» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 1169 қаулысымен
бекітілген
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.
Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 439-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі және оны алу үшін қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Комитеттің e.customs.kz интернет-ресурсында орналастырылады және 8 (7172) 79-45-50 телефоны бойынша алуға болады.
5. Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу туралы хабарлама не қағаз тасығыштағы қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi