Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015
"Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 1616 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 631-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 19 желтоқсандағы
 № 1616 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 14 шілдедегі
 № 798 қаулысымен
 бекітілген
Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы
1. Осы Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сәйкес қабылданды және шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) теңіз жағалауындағы суда, ішкі су жолдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа су қоймаларында пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Қағидада мынадай негізгі терминдер пайдаланылады:
1) кеме билеті – шағын өлшемді кемеге меншік құқығын және осы кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын растайтын құжат;
2) судағы жүрдек аттракцион – шағын өлшемді кеменің көңіл көтеретін жүзу құралдарын сүйреу арқылы ойын-сауық түрі («банандар», «шайбалар», «су шаналары» және басқалар);
3) шағын өлшемді кемені басқару куәлігі – шағын өлшемді кемені басқару құқығына біліктіліктің болуын растайтын құжат;
4) шағын өлшемді кеменің кеме жүргізушісі – шағын өлшемді кеменің меншік иесі болып табылатынына немесе оны өзге заңды негізде басқаруына қарамастан, шағын өлшемді кемені басқаратын және тиісті куәлігі бар адам. Кеме жүргізушіге кеме жүргізуге оқытатын адам теңестіріледі.
3. Шағын өлшемді кемелері бар заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер осы кемелерді пайдалану және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалануға жауапты адамдарды бөледі.
4. Қағиданың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық органдары) жүзеге асырады.
5. Шағын өлшемді кемелермен саяхатқа, ұжыммен демалуға шыққанда және бұқаралық іс-шаралар кезінде иелері судағы қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп және қоршаған ортаны қорғауға жауапты адамдарды тағайындайды.
Полная версия
ИС BestProfi