«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 28) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015
Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес «Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 27.03.2015 жылғы № 354 Бұйрығын қараңыз
Редакция 19.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 қаулысымен бекітілген
Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы
Қағида жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.01.2012 № 1616 Қаулысымен (14.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сәйкес қабылданды және шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) теңіз жағалауындағы суда, ішкі су жолдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа су қоймаларында пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Қағидада мынадай негізгі терминдер пайдаланылады:
1) кеме билеті – шағын өлшемді кемеге меншік құқығын және осы кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын растайтын құжат;
2) судағы жүрдек аттракцион – шағын өлшемді кеменің көңіл көтеретін жүзу құралдарын сүйреу арқылы ойын-сауық түрі («банандар», «шайбалар», «су шаналары» және басқалар);
3) шағын өлшемді кемені басқару куәлігі – шағын өлшемді кемені басқару құқығына біліктіліктің болуын растайтын құжат;
4) шағын өлшемді кеменің кеме жүргізушісі – шағын өлшемді кеменің меншік иесі болып табылатынына немесе оны өзге заңды негізде басқаруына қарамастан, шағын өлшемді кемені басқаратын және тиісті куәлігі бар адам. Кеме жүргізушіге кеме жүргізуге оқытатын адам теңестіріледі.
3. Шағын өлшемді кемелері бар заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер осы кемелерді пайдалану және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалануға жауапты адамдарды бөледі.
4. Қағиданың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық органдары) жүзеге асырады.
5. Шағын өлшемді кемелермен саяхатқа, ұжыммен демалуға шыққанда және бұқаралық іс-шаралар кезінде иелері судағы қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп және қоршаған ортаны қорғауға жауапты адамдарды тағайындайды.
6. Су объектілерінде судағы жүрдек аттракциондарды жүргізу кезінде аттракцион иесі сүйрейтін шағын өлшемді кемеге тіркеп сүйрелетін ойын-сауық жүзу құралына қызмет көрсету және байқау жөнінде жауапты адамды тағайындайды.
7. Осы Қағиданы бұзған адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Полная версия