Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.09.2015
Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 230 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 5 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 25.08.2015 жылғы № 661 Қаулысына сәйкес
«Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 23.04.2015 жылғы № 230 Бұйрығын қараңыз
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 28) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 17 ақпандағы
 № 230 қаулысымен
 бекітілген
Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау қағидалары
1. Осы Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы менғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау кағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындарының штаттық кестесінде көзделген жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін  (бұдан әрі - штаттағы лауазымдар) лауазымдарға конкурстық тағайындау тәртібін айқындайды.
2. Профессор-оқытушылар құрамының лауазымдарына кафедра меңгерушісі, профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы (ассистент) жатады.
3. Профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына тағайындау конкурсына тиісті бейіндері бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар тұлғалар жіберіледі.
Конкурстық орналастыруға профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдары, атқарып отырған лауазымдарына қайта сайланатын педагогикалық қызметкерлер, сондай-ақ ғылыми қызметкерлер жатады.
4. Профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің  лауазымдарына тағайындау конкурсы білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен үміткерлерге қойылатын ғылыми-педагогикалық және ғылыми қызметкерлер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес өткізіледі.
Өнер, мәдениет және спорт саласындағы жоғары оқу орындарының доцент, профессор лауазымдарына орналасу конкурсына тиісті ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ осы мамандық бойынша практикалық жұмыста үлкен тәжірибеге ие мамандар жіберіледі.
5. Профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің  бос лауазымдарына тағайындау конкурсын және бос лауазымдар туралы  ақпаратты жоғары оқу орны республикалық бұқаралық ақпарат құралдары  арқылы жариялайды.
6. Бос лауазымдарға арналған конкурсқа өтініштер хабарландыру  жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей берілуі тиіс.
Конкурстың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне жауапты лауазымды тұлғаның өтініштерді қабылдаудан бас тартуы үміткердің ұсынған құжаттары білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (бұдан әрі - үлгілік біліктілік сипаттамалары) сәйкес болмаған жағдайда орын алуы мүмкін.
3. Конкурстық комиссияны қалыптастыру
7. Профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі - конкурстық комиссия) саны мен дербес құрамын және оның өкілеттігінің мерзімін жоғары оқу орнының ғылым кеңесі айқындап, басшының бұйрығымен бекітіледі.
8. Конкурстық комиссия конкурсты өткізудің нысандарын, рәсімдерін, мерзімдерін айқындайды, конкурстық құжаттамаларға талдау жүргізеді, конкурстың қорытындысы бойынша шешім шығарады.
9. Конкурстық комиссия жүмысының негізгі міндеттері:
1) барлығына конкурсқа қатысу үшін бірдей мүмкіндік беру;
2) конкурсқа қатысушылардың арасында әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету;
3) объективтіліктің сақталуына және конкурстың жариялы түрде өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
10. Конкурстық комиссия мынадай құрамда құрылады: конкурстық  комиссияның төрағасы - жоғары оқу орны басшысының орынбасары,  төрағаның орынбасары, хатшы және комиссия мүшелері кемінде үш адам.
4. Конкурска қатысушылардың құжаттарын қабылдау және қарау
11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар кейіннен еңбек шартын жасасумен жоғары оқу орны басшысының атына жазылған өтінішті ұсынады.
Өтінішке қоса мынадай құжаттарды қоса береді:
1) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
3) жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы  дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған  көшірмелері;
4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда);
5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);
6) № 086 нысанындағы медициналық анықтама.
12. Осы жоғары оқу орнында жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу немесе еңбек шарты бойынша лауазымды атқару үшін жоғары оқу орны басшысының атына өтініш, мінездемесін, егер болған жағдайда ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімін береді.
13. Профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы лауазымын атқару конкурсына қатысуға ниет білдірген тұлғалардың қүжаттары жоғары оқу орны басшысының қолы қойылып, алдын ала қорытынды үшін кафедраға жіберіледі.
14. Кафедра меңгерушісі лауазымын атқару конкурсына қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттары жоғары оқу орны басшысының қолы  қойылып, алдын ала қорытынды үшін кафедраға және тиісті факультетке  жіберіледі.
Мұндай жағдайда кафедра отырысына жоғары оқу орны басшысының тиісті қорытындыға қол қоятын орынбасары төрағалық етеді.
15. Конкурстық материалдар ұсынымдық сипатында қорытынды  шығаратын тиісті кафедра отырысында алдын ала қаралады.
16. Конкурсқа қатысатын және ғылыми-педагогикалық өтілі бар тұлғалар конкурс алдындағы кезеңдегі ғылыми-педагогикалық қызметі туралы кафедра отырысында есеп береді.
17. Кафедраның қорытындысы әр кандидат бойынша көпшілік дауыспен ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы қабылданады, ол конкурстық комиссияға жіберіледі.
18. Кафедраның қорытындысы егер оның отырысында кафедраның штаттағы оқытушыларының кемінде 2/3-і қатысқан жағдайда жарамды деп саналады.
19. Кафедра меңгерушісі лауазымына кандидат туралы кафедра қорытындысына кафедра отырысын өткізген жоғары оқу орны басшысының орынбасары қол қояды.
20. Конкурсқа қатысушылар кафедра отырысына қатысуға және өз қалауы бойынша қорытындылармен танысуға құқығы бар.
5. Конкурс бойынша тағайындау тәртібі
21. Профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің  лауазымдарына тағайындау конкурсы сауалнама жүргізу, сараптамалық баға беру, тестілеу, әңгімелесу, шығармашылық есеп беру, авторлық әзірлемелерді қорғау, практикалық тапсырмалар нысанында кандидаттар қызметінің қорытындыларын талдамалық қорыту негізінде жүргізіледі, бұл ретте үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес кәсіби деңгейді анықтау үшін әр лауазым бойынша білімдері тексеріледі. Тестілер мен сауалнамалар қорытындыларының мазмұнымен, сондай-ақ тексеру материалдарымен үміткер конкурс комиссиясының отырысына дейін бір апта бұрын жазбаша түрде танысуы тиіс.
22. Әңгімелесудің мақсаты үлгілік біліктілік сипаттамаларын, бос лауазымға конкурс жариялаған нақты жоғары оқу орнының ерекшеліктерін ескере отырып, кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттеріне баға беру болып табылады.
23. Конкурстық комиссия отырысында әр кандидатура бойынша жасалған кафедра қорытындылары жарияланады.
24. Бұдан кейін конкурстық комиссия осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес ашық дауыс беру арқылы аталған лауазымға кандидатты жасырын дауыс беру үшін бірыңғай бюллетеньге енгізу туралы шешім қабылдайды.
25. Кандидатпен келісу немесе келіспеу әр кандидаттың тегіне қарсы тұсқа «келісемін» немесе «келіспеймін» деген сөздерді белгілеу арқылы білдіріледі. Бір лауазымға екі және одан да көп кандидат конкурстық іріктеуге қатысқан жағдайда бірде-бір тегі сызылмаған бюллетень жарамсыз деп танылады.
26. Дауыстарды санау үшін конкурстық комиссия жасырын дауыс берудің алдында құрамы комиссияның кемінде үш адамынан тұратын есептеу комиссиясын сайлайды. Есептеу комиссиясы әр кандидат бойынша дауыс беру нәтижесін жариялайды. Есептеу комиссиясының хаттамасын конкурстық комиссия бекітеді және конкурс материалдарына қосады.
27. Конкурс өткізу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің кемінде 2/3 мүшесі дауыс беруге қатысқан жағдайда конкурстық комиссияның шешімі жарамды болып табылады. Қатысқан конкурстық комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған үміткер сайланды деп есептеледі.
Жасырын дауыс беру арқылы қабылданған конкурстық комиссияның шешімі, егер ол осы Қағидалар сақтала отырып қабылданса, түпкілікті болып табылады.
28. Жасырын дауыс берудің нәтижелері бойынша конкурстық комиссия әр бос лауазымға әрбір кандидат бойынша еңбек шартын жасасу үшін «жоғары оқу орнының ректорына ұсынылады» немесе «жоғары оқу орнының ректорына ұсынылмайды» деген жазумен ұсынымдар дайындайды.
Комиссия хатшысы конкурсқа қатысқан тұлғаларды оның нәтижелерімен және конкурстық комиссияның ұсынымдарымен таныстырады
29. Конкурс бойынша іріктеу және еңбек шартын жасасу өтініш берген мерзім аяқталғаннан кейін екі айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
30. Белгіленген мерзім сақталмаған жағдайда бос лауазымдар туралы конкурс және ақпарат қайта жарияланады.
31. Конкурсқа қатысушылар конкурстық комиссияның шешіміне жоғары оқу орны ректорының атына немесе сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
32. Жоғары оқу орнының басшысы конкурстық комиссияның шешіміне түскен шағымды қарайды және осы Қағидалар талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда конкурстық комиссияға қабылданған шешімді жоюды ұсынысады.
33. Жоғары оқу орны басшысының ұсынысын конкурстық комиссия өзінің отырысында жаңа құраммен қарайды. Конкурстық комиссия бұл отырыста алдыңғы шешімнің күшін жояды немесе оны өзгеріссіз қалдырады.
34. Конкурсқа қатысушылар, сондай-ақ жоғары оқу орнының басшысы конкурс құжаттарымен және оның нәтижелерімен танысады.
Жоғары оқу орындарының профессор-
 оқытушылар құрамы мен ғылыми
 қызметкерлерін лауазымдарға
 конкурстық тағайындау
 қағидаларына қосымша
Лауазымға конкурстық іріктеу бойынша жасырын дауыс беруге арналған
 бюллетеннің үлгісі
Лауазымға конкурстық іріктеу бойынша жасырын дауыс беру үшін
____________________________________________________________________                      
(кафедраның, лауазымның атауы)
____________________________________________________________________                
  (жоғары оқу орнының, факультеттің атауы)
____________________________________________________________________                        
(хаттаманың нөмірі мен күні)
 
Кандидаттың,
тегі, аты,
әкесінің аты
Конкурстық іріктеу қай лауазымға жүргізіліп отыр (тиісті кафедраны көрсету) Дауыс беру нәтижелері қалдыру немесе сызып тастау арқылы көрсетіледі












Ескертпе: бір лауазымға екі және одан да көп үміткерлердің конкурстық іріктеуге қатысу жағдайында бірде-бір тек сызылмаған бюллетень жарамсыз деп танылады.
Полная версия
ИС BestProfi