Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1172 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 636 Қаулысына сәйкес
«Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 31.03.2015 жылғы № 241 Бұйрығын қараңыз
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 14 қазандағы
 № 1172 қаулысымен
 бекітілген
Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары
1. Осы Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 ақпандағы Заңына, қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттарына сәйкес әзірленді, дара кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері мен тұрақты мекемелерінің (бұдан әрі - субъектілер) бухгалтерлік есепті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізу тәртібін белгілейді.
1) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының секьюрителендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған қаржы ұйымдарына, арнайы қаржы компанияларына, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компанияларына;
2) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді мемлекеттік мекемелерге арналған Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі нормативтік  құқықтық  актілерімен  белгіленетін мемлекеттік мекемелерге таралмайды.
3. Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасының негізгі міндеттері:
1) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шұғыл басшылық жасау және басқару үшін, сондай-ақ инвесторлардың, құрылтайшылардың, өнім берушілердің, сатып алушылардың, қарыз берушілердің, мемлекеттік органдардың, банктердің және өзге де мүдделі тұлғалардың пайдалануы үшін қажетті субъектілердің қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық әрі дұрыс ақпаратты қалыптастыру;
2) шешімдер қабылдау үшін, сондай-ақ шаруашылық операцияларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын және олардың орындылығын бақылау үшін қаржылық есептіліктің ішкі және сыртқы пайдаланушыларын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
2. Бухгалтерлік қызмет жұмысын ұйымдастыру тәртібі
4. Бухгалтерлік қызметтің басшысы (бұдан әрі - бас бухгалтер) бас бухгалтер немесе халықаралық және ұлттық стандарттарға, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есептің жүргізілуі мен қаржылық есептіліктің жасалуын қамтамасыз ететін басқа лауазымды тұлға болып табылады.
5. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін субъектінің басшысы деп дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі мен тұрақты мекемесінің басшысын немесе заңнамада белгіленген тәртіппен соған уәкілеттік берілген тұлғаны түсінген жөн.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бас бухгалтерді субъект басшысы тағайындайды. Тағайындау жазбаша тәртіппен ресімделеді.
6. Бас бухгалтер лауазымынан босатылған кезде істерді жаңадан тағайындалған бас бухгалтерге (ал ол болмаған кезде - субъекті басшысы тағайындаған қызметкерге немесе дара кәсіпкердің өзіне немесе ұйым басшысына) беру жүргізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi