Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 18.06.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Ауыл шаруашылығы санағын өткiзудiң ережесi мен мерзiмдерiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қарашадағы N 1081 Қаулысы
"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы санағын өткiзудiң ережесi мен мерзiмдерi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 15 қарашадағы
 N 1081 қаулысымен
 бекiтiлген
Ауыл шаруашылығы санағын өткiзудiң ережесi мен мерзiмдерi 1. Жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасының " Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi және " Мемлекеттiк статистика туралы " 1997 жылғы 7 мамырдағы заңдарына, басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлендi және ауыл шаруашылығы санағын өткiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды.
1. Ауыл шаруашылығы санағының мақсаты ауыл шаруашылығының белгiлi бiр күнгi құрылымы мен жай-күйi туралы ақпарат жинау болып табылады.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы санағы - ауыл шаруашылығының белгiлi бiр күнгі құрылымы мен жай-күйi туралы ақпарат жинау жөнiндегi статистикалық операция;
2) ауыл шаруашылығы санағының субъектiлерi - ауыл шаруашылығы санағының объектiлерiне иелiк ететiн жеке және заңды тұлғалар;
3) ауыл шаруашылығы санағының объектiлерi - жер (саяжай) учаскелерi, ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiк алқаптары, жемiс-жидек екпелерi, жүзiмдiктер, ауыл шаруашылығы жануарлары, ауыл шаруашылығы техникасы мен автокөлiк, ауыл шаруашылығының өндiрiстiк үй-жайлары мен жабдығы және ауыл шаруашылығы қызметiн көрсетуге байланысты өзге де мамандандырылған үй-жайлар;
4) сұхбат жүргiзушi - санақ парақтарындағы сұрақтар бойынша ауыл шаруашылығы санағының субъектiлерiне сұрау салуды жүзеге асыратын адам;
5) нұсқаушы-бақылаушы - ауыл шаруашылығы санағы объектiлерiнiң толық қамтылуына, санақ парақтарындағы деректердiң дұрыстығына бақылауды, сондай-ақ сұхбат жүргiзушiнiң жұмысына нұсқау беру мен бақылауды жүзеге асыратын адам;
6) санақ парағы - ауыл шаруашылығы санағының субъектiлерi туралы мәлiметтерi бар белгiленген үлгiдегi құжат;
7) уәкiлеттi орган - мемлекеттiк статистикаға басшылықты жүзеге асыратын, өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында   айқындалатын орталық атқарушы орган.
2. Ауыл шаруашылығы санағын ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi
Полная версия
ИС BestProfi