Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 137-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Внимание! Документ утратил силу с 25.01.2016
Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі N 788 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды 2016 жылғы 25 қаңтардан бастап ҚР Президентінің 11.01.2016 жылғы № 167 Жарлығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттары бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі N 788 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттары
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың осы стандарттары (бұдан әрі - Стандарттар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген және мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге бірыңғай талаптарды белгілейді.
2. Стандарттардың мақсаты мемлекеттік қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі - бақылау органдары) мен олардың қызметкерлерінің бақылауды жүзеге асыруына негіз болатын бірыңғай талаптарды белгілеу болып табылады.
3. Стандарттар бақылаудың тиімділігін, тұтастығын, өзара байланыстылығын, дәйектілігін, сабақтастығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін әзірленді.
4. Стандарттарға жалпы стандарттар, жұмыс стандарттары, басқару және сапаны бақылау стандарттары жатады.
5. Стандарттарды іске асыру олардан шығатын бақылауды жүзеге асырудың әдістері мен рәсімдерін реттейтін ережелерді, әдістемелік және басқа құжаттарды мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органының әзірлеп, бекітуі арқылы қамтамасыз етіледі.
6. Стандарттардың сақталуын бақылауды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган ішкі бақылау қызметтерінің Стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
2. Стандарттардың әрекет ету аясы және қолданылуы
7. Стандарттарды барлық бақылау органдары мен олардың қызметкерлері сақтауға міндетті.
Стандарттарды мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандары мен бақылау органдары тартқан сарапшылар сақтауға міндетті.
3. Жалпы Стандарттар
Полная версия