Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын бекіту және «Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 167 Жарлығы
Редакция 26.11.2022 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 8-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттары бекітілсін.
2. «Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі №788 Жарлығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №19, 165-құжат).
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 11 қаңтардағы
№ 167 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың
ЖАЛПЫ СТАНДАРТТАРЫ
1. Осы Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттары (бұдан әрі – Жалпы стандарттар) мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың халықаралық стандарттары ескеріле отырып, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) 8-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Жалпы стандарттар мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізудің тиімділігін, дәйектілігі мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне қойылатын негіз қалаушы талаптарды қамтиды.
3. Жалпы стандарттарға мыналар жатады:
Полная версия
ИС BestProfi