1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 190-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2009
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 17 тамыздағы N 780 Қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.08.2009. № 1251 Қаулысымен. (17.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесiнде:
1-тармақтың бiрiншi абзацы "(бұдан әрi - орта мерзiмдi жоспарлар)," деген сөздерден кейiн "акционерi ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияларды (бұдан әрi - ұлттық компаниялар) қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтың 6) тармақшасы және 14-тармақтың он үшiншi абзацындағы "ұлттық компанияларды" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде акционерi ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияларды" деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
Полная версия