Республикалық бюджет қаражаты есебiнен республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2000 жылғы 29 ақпан N 326
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 04.12.2009 № 2016 Қаулысымен (14.11.2002 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi бiр ай мерзiмде Республика азаматтарын шетелге емделуге жiберу жөнiндегi комиссия туралы ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн.
1. Шетелдiк медициналық ұйымдарға емделуге жiберуге, оларға қатысты тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемi шеңберiнде Қазақстан Республикасының емдеу-алдын алу ұйымдарында оң емдеу нәтижесi алынбаған емдеудiң барлық қолдануға рұқсат етiлген әдiстерi пайдаланылған, ал шетелдiк медициналық ұйымдарда оларға Қазақстан Республикасында қолданылмайтын қосымша немесе жаңа мамандандырылған медициналық әдiстер қолданылуы мүмкiн уәкілеттi орган бекіткен аурулар тiзбесiне енгiзілген аурулардан зардап шегушi азаматтар жатады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.11.2002. № 1206 қаулысымен. (29.02.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының, азаматтардың денсаулығын сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын және "Науқас адамдарды шетелде емдеу" республикалық бюджеттiк бағдарламасының әкiмшiсi болып табылатын, уәкiлеттi орталық органы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) республика азаматтарын шетелдiк медициналық ұйымдарға емделуге жiберу жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия (бұдан әрi - комиссия) құрады.
3. Комиссия өз қызметiн, осы Ереже мен уәкiлеттi орган бекiткен, Республика азаматтарын шетелдiк медициналық ұйымдарға емделуге жiберу жөнiндегi комиссия туралы ережеге сәйкес жүргiзедi.
3) негiзгi және қосымша ауруларды, диагностикалық зерттеулердiң нәтижелерiн, жүргiзiлген емдеу курсын көрсету арқылы ауру тарихынан егжей-тегжейлi көшiрменiң;
6. Осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың негiзiнде комиссия республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң орындылығын құжаттар түскен күннен бастап 7 күннiң iшiнде анықтайды.
7. Комиссия өзiнiң шығарған шешiмi туралы өтiнiш берушiге жазбаша хабар бередi. Хабар мен комиссия қорытындысының үлгiлерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Комиссияның белгiленген үлгiдегi қорытындысының негiзiнде уәкiлеттi орган мен шетелдiк медициналық ұйым арасында ақылы медициналық қызметтер көрсету туралы шарт (бұдан әрi - шарт) жасалады. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ абзацпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 14.11.2002. № 1206 қаулысымен
8. Алып тасталды ҚР Үкіметінің 14.11.2002. № 1206 қаулысымен
9. Алып тасталды ҚР Үкіметінің 14.11.2002. № 1206 қаулысымен
10. Алып тасталды ҚР Үкіметінің 14.11.2002. № 1206 қаулысымен. (29.02.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
2) шарттың көшiрмесiн ұсынады. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 14.11.2002. № 1206 қаулысымен
13. Алып тасталды ҚР Үкіметінің 14.11.2002. № 1206 қаулысымен. (29.02.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
14. Комиссия ақшалай қаражат бөлгеннен кейiн азаматқа үш жұмыс күнiнiң iшiнде шетелдiк медициналық ұйымда емдеуге қабылданған шешiм туралы және заңдарда белгiленген тәртiппен шетелге шығуға рұқсатты ресiмдеу қажеттiгi түралы жазбаша хабарлайды. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
14-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.11.2002. № 1206 қаулысымен
15. Алып тасталды ҚР Үкіметінің 14.11.2002. № 1206 қаулысымен. (29.02.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
16. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi шетелге емделуге жiберiлген республика азаматтарының баруға және келуге арналған визалық құжаттарын ресiмдеуге жәрдем көрсетедi.
17. Уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлген ақшалай қаражатты конвертациялайды және оны шетелдiк медициналық ұйымға аударады.
18. Шетелдiк медициналық ұйымда емдеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары немесе оларды алып жүрген адамдар аумақтық денсаулық сақтау органдарына мынадай құжаттарды:
Науқас қайтыс болған жағдайда, оны алып жүрген адам немесе жақын туыстары болмаған кезде, жоғарыда көрсетiлген құжаттарды уәкiлеттi органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жiбередi.
18-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.11.2002. № 1206 қаулысымен. (29.02.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
19. Аумақтық денсаулық сақтау органдары осы Ереженiң 18-тармағында көрсетiлген құжаттарды науқасты шығарған сәттен бастап 1 ай iшiнде шетелдiк медициналық ұйымда жүргiзiлетiн емдеудiң нәтижелерi туралы хаттаманы ресiмдеу үшiн комиссияға ұсынады.
19-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 14.11.2002. № 1206 қаулысымен. (29.02.2000 жылғы редакцияны қараңыз)