Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 20.04.2011
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 207 қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 20.04.2011 № 429 Қаулысымен. (20.02.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 57, 551-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының ғылымы және мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясаты туралы" деген сөздер "Ғылым туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың бiрiншi абзацындағы "қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде жарты жылда бiр рет өткiзiледi" деген сөздер "кемiнде екi айда бiр рет өткізедi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 20 ақпандағы N 207 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның Құрамы
Марченко - Қазақстан Республикасы Премьер-
Григорий Александрович Министрiнiң бiрiншi орынбасары, төраға
Құлекеев - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Жақсыбек Әбдiрахметұлы және ғылым министрi, төрағаның орынбасары
Ергешев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Розмат Байташұлы Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-
мәдени даму бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi, хатшы
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Нұралы Сұлтанұлы және ғылым вице-министрi
Досқалиев - Қазақстан Республикасының
Жақсылық Ақмырзаұлы Денсаулық сақтау министрi
Дробжев - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Виктор Иванович және ғылым министрлiгi Ионосфера институтының директоры
Дунаев - "Ұлттық инновациялық қор"
Apман Ғалиасқарұлы акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы (келiсiм бойынша)
Жақсыбеков - Қазақстан Республикасының
Әдiлбек Рыскелдiұлы Индустрия және сауда министрі
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақытжан Тұрсынұлы Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-
мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
Жұрынов - "Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мұрат Жұрынұлы ғылым академиясы" қоғамдық бiрлестiгiнiң президентi (келiсiм бойынша)
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрі
Күрiшбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы вице-министрi
Қадыржанов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Кемелұлы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика институтының директоры
Қожамқұлов - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Төлеген Әбдiсағиұлы және ғылым министрлiгi Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетiнiң ректоры
Орынбаев - "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер
Ербол Тұрмаханұлы орталығы" акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы (келiсiм бойынша)
Өмiрбаев Уалбай - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң кафедра меңгерушiсi
Школьник - Қазақстан Республикасының
Владимир Сергеевич Энергетика және минералдық ресурстар министрi
Полная версия