Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.11.2009
"Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 841 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 681 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 22 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5005 болып енгізілді.
Күші жойылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.11.2009 № 640 бұйрығымен. (19.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
"Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қарашадағы  N 841  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2600 тіркелген, "Официальная газетада" 2003 жылғы 27 желтоқсанда N 52 (157) жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесін "3-тармағына" деген сөздерден кейін "және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта "бірінші вице-министрі" деген сөздер "Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы-" деген сөздермен ауыстырылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық сараптама өткізу ережесінде:
1-тармақта "Заңына" деген сөз "Заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын, "туралы" деген сөзден кейін "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта "шаралар қабылдау" деген сөздерден кейін ", тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшада "шикізатқа" деген сөзден кейін ", тамақ өнімдеріне" деген сөздермен толықтырылсын; 
8)-тармақшада "жағдайда" деген сөзден кейін "өнімдердің қауіпсіздігін" деген сөздермен толықтырылсын; 
10) тармақшада "өнімдер" деген сөзден кейін "оның ішінде тағамдық" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада "шикізаттардың" деген сөзден кейін ", тағам өнімдерінің" деген сөздермен толықтырылсын; 
5) және 8) тармақшаларда "өнімді" деген сөзден кейін "оның ішінде тағам өнімі" деген сөздермен толықтырылсын;
18, 22-тармақтарда "өнімді" деген сөзден кейін "оның ішінде тағам өнімі" деген сөздермен толықтырылсын;
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (А.А. Белоног) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Ж.М. Мұхамеджанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткенінен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасы - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А. Белоногқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 
Полная версия
ИС BestProfi