«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 05.02.2015
"Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу" мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 27 қарашадағы № 826 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8155 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 05.02.2015 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса берiлiп отырған «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 27 қарашадағы № 826 бұйрығымен бекітілген
«Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 26-бабына, «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысына (бұдан әрі – Қағида), «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысымен бекітілген «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттiк тiркеу туралы» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген.
2. Осы регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:
1) мемлекеттік қызметті алушы – жеке және заңды тұлға;
2) құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелердің мемлекеттік органдары.
3. «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет:
1) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 26-бабының;
Полная версия