"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы N 541 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Редакция 30.11.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған "Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы N 541 қаулысымен бекітілген
"Жемістер, көкөністер, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
Тақырықа өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.12.2009 № 2119 Қаулысымен (06.06.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Жемістер, көкөністер, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) жемістер, көкөністер және оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне және тіршілік циклінің процестеріне қойылатын талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы " 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, "Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.12.2009 № 2119 Қаулысымен (06.06.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
2. Осы Техникалық регламент осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына (ҚР СЭҚ ТН) сай өндірілген және әкелінген жемістерге, көкөністерге, тамыржемістілерге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне (бұдан әрі - жеміс-көкөніс өнімдері) қолданылады.
Техникалық регламенттің талаптары жеміс-көкөніс өнеркәсібіндегі жалпы қабылданған мынадай топтарға жататын жемістерді, көкөністерді, саңырауқұлақтарды қайта өңдеу өнімдеріне қолданылады:
жеміс (көкөніс, саңырауқұлақ) жартылай фабрикаттары;
салқындатылған жеміс (көкөніс, саңырауқұлақ) өнімдері;
тез тоңазытылған жемістер (көкөністер, саңырауқұлақтар);
ашытылған көкөністер;
тұздалған көкөніс (саңырауқұлақ) өнімдері;
ылғалданған жеміс өнімдері;
кептірілген жемістер (көкөністер, саңырауқұлақтар);
Полная версия