Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.10.2015
Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі N 825 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 11.09.2015 жылғы № 774 Қаулысына сәйкес
«Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.03.2015 жылғы № 334 Бұйрығын қараңыз
"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы» 21 қыркүйектегі
 N 825 қаулысымен
 бекітілген
1. Осы Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді. 
2. Ереже меншік нысанына қарамастан, темір жол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті мемлекеттік бақылауды мемлекеттік көліктік бақылау органдары жүзеге асырады.
4. Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, қоршаған ортаны қорғауға, темір жол көлігі ұйымдарының авариясыз жұмыс істеуіне жағдай жасауға, темір жолдардың, жылжымалы құрамның, құрылыстардың, жабдықтардың, тетіктердің және құрылғылардың жарамды жағдайда ұсталуына бағытталған, мыналарды: 
1) кадрларды сан нормативтері мен кәсіби талаптарға сай жасақтау мен орналастыруды; 
2) поезд қозғалысымен байланысты қызметке үміткерлерді кәсіби іріктеуді; 
3) еңбек тәртібін және технологиялық тәртіпті нығайтуды, әлеуметтік мәселелерді шешуді; 
4) поездар қозғалысына байланысты қызметкерлерді мерзімді медициналық тексеруден өткізуді, сондай-ақ поездар қозғалысына тікелей байланысты локомотив бригадалары мен қызметкерлерінің денсаулығын рейс алдында бақылауды; 
5) кадрларды техникалық оқыту мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды, стандартты емес жағдайлардағы іс-әрекеттердің іс жүзіндегі дағдыларын жетілдіруді; 
6) поездар қозғалысына байланысты қызметкерлердің қозғалыс қауіпсіздігі мәселелерін регламенттейтін қолданыстағы нұсқаулықтар мен ережелерді және лауазымдық нұсқаулықтарды білу мәніне мерзімді тексеру жүргізуді; 
Полная версия
ИС BestProfi