1. Қоса беріліп отырған Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2015
Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 542 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 23.10.2014 жылғы № 1131 Қаулысына сәйкес
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 542 қаулысымен бекітілген
Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 182-бабының 6-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді және шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі (бұдан әрі – пробация қызметі) шартты түрде сотталған адамдарға олардың әлеуметтік-құқықтық көмек алуына жәрдем көрсетеді.
Жеке әзірленген бағдарламаға сәйкес шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде пробация қызметіне жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да ұйымдар жәрдем көрсетеді.
3. Жергілікті атқарушы органдар аумақтарды дамыту бағдарламаларын және/немесе стратегиялық жоспарларды әзірлеу кезінде пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша іс-шаралар кешенін көздейді.
2. Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек белгілеу
4. Пробациялық бақылауда тұрған шартты түрде сотталған адамды есепке қою кезінде пробация қызметі:
1) денсаулық жағдайын анықтай отырып, шартты түрде сотталған адамның жеке басын, оның білім деңгейін және еңбекпен қамтылғандығын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын зерделейді, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды;
2) әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртібін түсіндіреді, сондай-ақ тіркелу үшін пробация қызметіне келу күнін белгілейді;
3) сот жүктеген міндеттерді орындау, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін түсіндіреді.
5. Шартты түрде сотталған адамның жеке басы мен өмір жағдайын зерделеу нәтижелері бойынша пробация қызметінің қызметкері есепке қойғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасайды.
6. Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасына (бұдан әрі – жеке бағдарлама) шартты түрде сотталған адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қажеттігі туралы ақпарат енгізіледі.
7. Жеке бағдарламаның бір данасы шартты түрде сотталған адамның бақылау ісіне тігіледі, екінші данасы сотталған адамға қол қойылып беріледі.
8. Шартты түрде сотталған адамның қосымша немесе өзге де көмек алуға қажеттілігі туындаған жағдайда, сондай-ақ сот күшейтілген пробациялық бақылау белгілеген кезде жеке бағдарламаға екіжақты келісім бойынша тиісті түзетулер енгізіледі.
Полная версия