«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1508 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 750 Қаулысына сәйкес «Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 20.02.2015 жылғы № 112 Бұйрығын қараңыз
Редакция 18.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1508 қаулысымен бекітілген
Электр энергиясының теңгерiмдеуші нарығының жұмыс iстеуі қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағиадалар «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасындағы электр энергиясының теңгерiмдеуші нарығының жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесi – өлшеу құралдарының және электр энергиясын есепке алу деректерiн өлшеуге, жинақтауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен жиынтығы;
2) электр энергиясын өндірудің – тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсету шарты – жүйелік оператор және электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері немесе олардың теңгерім провайдерлері арасында жасалатын шарт;
3) реттеуге қатысуға арналған өтiнiм – Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi бойынша электр энергиясының теңгерiмсiздiгiн табиғи реттеуге қатысу үшiн теңгерiмдеуші электр энергиясын жеткiзушiлердiң/сатып алушылардың жүйелiк операторға беретiн теңгерiмдеуші электр энергиясын жеткiзуге/сатып алуға арналған жазбаша құжат;
4) теңгерiмдеу аймағы – қуаттың бiртұтас резервiн пайдалануға, теңгерiмдеуші электр энергиясының бiрыңғай бағасын қолдануға кедергi келтiретiн техникалық сипаттағы шектеу қойылмаған Қазақстанның бiртұтас энергетикалық жүйесiнiң бiр бөлiгi;
5) электр энергиясының теңгерiмдеуші нарығының имитациялық режимi (бұдан әрi – имитациялық режим) – электр энергиясының теңгерiмсiздiгiн қаржылық реттеудi жүзеге асырмастан электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығының жұмыс iстеуi;
6) теңгерiмдеуші электр энергиясын жеткiзушi/сатып алушы – реттеуге қатысуға берілген өтінімге сәйкес электр энергиясының теңгерiмсiздiгiн табиғи реттеуге қатысатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiсi;
7) теңгерiм провайдерi – жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясын өндiру-тұтынудың өзінің теңгерiмсiздiктерiн де, электр энергиясы нарығының басқа субъектiлерiнiң теңгерiмсiздiктерiн де қаржылық реттеу үшiн жауапкершiлiк қабылдаған электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiсi;
8) жүктеме бейіні – көтерме сауда нарығы тұтынушысының (энергиямен жабдықтаушы ұйым) электр энергиясын тұтынудың сағаттық мәнін есептеудегі (сальдо-ағыны) жүйелiк оператормен келiсiлген (айқындалған) есептеу алгоритмі. Жүктеме бейіні коммерциялық есепке алудың сағаттық деректер жүйелерi (аспаптары) болмаған жағдайда тұтынудың нақты сағаттық шамаларын есептеу үшiн (сальдо-ағыны) пайдаланылады;
Полная версия