Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020
Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау жөнінде өтініштер беру және оны қарау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы N 71-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3515
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 жылғы № 42 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 09.12.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының  6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН : 
Бұйрықтың кіріспесіне өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 05.02.2009 № 30-НҚ бұйрығымен. (18.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау жөнінде өтініштер беру және оны қарау ережесі бекітілсін. 
2. "Табиғи монополия субъектілерінің мүлкін иеліктен айыруды және онымен өзге мәмілелер жасауды уәкілетті органмен келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 5 мамырдағы 
N 125-НҚ бұйрығының  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2324 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте 2003 жылғы 14 маусымда N 24 (129)" жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін: 
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін; 
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін. 
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.С.Орымбаевқа жүктелсін. 
6. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Табиғи монополияларды реттеу
 агенттігі төрағасының
 2005 жылғы 4 наурыздағы
 N 71-НҚ бұйрығымен
 бекітілген
Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау 
 жөнінде өтініштер беру және оны қарау ережесі 1. Жалпы ережелер 
1. Осы Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау жөнінде өтініштер беру және оны қарау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес әзірленді. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 05.02.2009 № 30-НҚ бұйрығымен. (18.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Осы Ереженің мақсаты табиғи монополия субъектілерінің уәкілетті органға мәмілелер жасау үшін ұсынатын құжаттардың, ақпараттың (мәліметтердің) тізбесін, өтініштерді қараудың тәртібі мен мерзімдерін, табиғи монополия субъектісінің мүлкін иеліктен айыруға, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен өзге де мәмілелер жасауға, табиғи монополия субъектісінің өзі тасымалдайтын немесе беретін, өзінің тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуына, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен оның қатысуына және табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін мүлікті жалға алуға уәкілетті органның келісімін алу туралы өтініштерді ұсыну тәртібін айқындау болып табылады.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 09.12.2011 № 393-НҚ (29.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Бұйрығымен.(ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Осы Ереженің қолданылу күші табиғи монополиялар субъектілеріне (бұдан әрі - Субъект) қолданылады.
4. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер: 
1) мүлікпен мәмілелер келісуді көздейтін Субъектінің мүлкі (бұдан әрі - Субъектінің мүлкі) – ақшаны, оның ішінде шетелдік валютаны қоспағанда, Субъектінің иесіндегі жылжитын және жылжымайтын мүлік; 
Полная версия
ИС BestProfi