«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 мамырда № 20737 болып тіркелді
2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Р. Даленов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрілігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамыры № 42 бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бұрықтардың тізбесі
1. «Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2154 болып тіркелген, 2003 жылғы № 14 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 829-құжат).
2. «Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту ережесi туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 80-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2237 болып тіркелген, 2003 жылғы 17 мамырдағы № 20 «Ресми газета» газетінде жарияланған).
3. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы № 138-НҚ бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2357 болып тіркелген, 2003 жылғы 28 маусымдағы № 26 «Ресми газета» газетінде жарияланған).
4. «Теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы» Қазақстан Респубикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестік қорғау жөніндегі агенттігі төрағаның 2003 жылғы 5 қарашадағы № 262-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2598 болып тіркелген, 2003 жылғы 27 желтоқсандағы № 52 (157) «Ресми газета» газетінде жарияланған).
Полная версия