Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту Ережесi туралы
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 18 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2237.
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 жылғы № 42 Бұйрығына сәйкес
: Бұйрықтың тақырыбы өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 8 тамыздағы № 196-НҚ бұйрығымен.
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 254) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 05.02.2009 № 30-НҚ бұйрығымен. (26.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 жылғы № 566 Бұйрығына сәйкес (22.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (A.T.Шабдарбаев) осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн:
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары назарына жеткiзсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары А.К.Әмiринге жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестiктi қорғау
жөнiндегi агенттiгi төрағасының
2003 жылғы 19 наурыздағы
N 80-НҚ бұйрығымен
бекiтiлген
Мәтін бойынша "табиғи монополия" сөздер "табиғи монополиялар" сөздермен ауыстырылды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 62-НҚ бұйрығымен
Тақырыпта және барлық мәтін бойынша "(бағаларды, алым ставкаларын)", "(бағаны, алым ставкасын)", "(бағалардың, алым ставкаларының)", "(бағаның, алым ставкасының)" және "" сөздерден кейін тиісінше "және тарифтік сметаларды", "тарифтік сметаны", "тарифтік сметаның" және "тарифтік смета" сөздермен толықтырылды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 8 тамыздағы № 196-НҚ бұйрығымен.(баға, алым ставкалары)
1. Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту Ережесi "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
: 1-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 05.02.2009 № 30-НҚ Бұйрықтарымен. (26.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2) табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) осы салалар шеңберінде реттелетіндерге жатқызу мәніне табиғи монополиялар салаларын талдау негізінде енгізілген реттелетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жаңа түрлеріне;
3) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне реттелетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) өзге түрлері бойынша енгізілген табиғи монополия субъектісі көрсететін реттелетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жаңа түрлеріне жүргізіледі;
4) егер табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) қолданыстағы тарифтері объектілер және (немесе) учаскелер бойынша жеке бекітілсе, жаңа объектілерге және (немесе) учаскелерге жүргізіледі.
: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 62-НҚ, 2006 жылғы 8 тамыздағы № 196-НҚ бұйрығымен.