Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020
Теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы
Қазақстан Респубикасы Табиғи Монополияларды Реттеу және Бәсекелектік Қорғау жөніндегі агенттігі Төрағаның 2003 жылғы 5 қарашадағы N 262-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2598
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 жылғы № 42 Бұйрығына сәйкес
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 11.03.2005 № 78-НҚ, өзгертілді - 03.04.2008 № 104-НҚ Бұйрықтарымен (05.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
Редакция 23.02.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1 және 15-баптарына сәйкес, теңiз портының қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн ұсынудың бiрыңғай тәртiбi мен талаптарын белгiлеу мақсатында бұйырамын:
кіріспе өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 23 ақпандағы № 58-НҚ Бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз)
1. Қоса берiлiп отырған Теңiз портының реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн бекіту ережесi бекiтiлсiн.
 1-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 11.03.2005 № 78-НҚ, 03.04.2008 № 104-НҚ Бұйрықтарымен (05.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Көлiк және телекоммуникациялар секторларын реттеу жөнiндегi департаментi (М.А.Дәрiбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн. 
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (Б.Б.Досан) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн: 
1) осы бұйрықты белгiленген тәртiпте ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн; 
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң және "Ақтау теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынының назарына жеткiзсiн. 
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары Ж.Ж.Ертiлесоваға жүктелсiн. 
5. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
Полная версия
ИС BestProfi