Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020
"Теңіз портының күштерімен және құралдарымен орындалатын жүктерді ауыстырып тиеу жөніндегі қызметтер тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы N 262 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 78-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3522
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 жылғы № 42 Бұйрығына сәйкес 
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Теңіз портының күштерімен және құралдарымен орындалатын жүктерді ауыстырып тиеу қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы N 262  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2598 нөмірмен тіркелген, 2003 жылғы 27 желтоқсанда "Ресми газетте" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
"Теңіз портының күштерімен және құралдарымен орындалатын жүктерді ауыстырып тиеу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы";
"белгілеу және алып тастау" деген сөздер "бекіту" деген сөзбен ауыстырылсын; 
"қызметтер" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз портының күштерімен және құралдарымен орындалатын жүктерді ауыстырып тиеу қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесінде: 
тақырыбында және барлық мәтін бойынша "белгілеу және алып тастау", "белгілеу", "белгіленген", "белгілеуге", "белгілеудің", "белгіленіп отырған" деген сөздер тиісінше "бекіту", "бекітілген", "бекітуге", "бекітудің", "бекітіліп отырған" деген сөздермен ауыстырылсын;
тақырыптағы және 1 және 2-тармақтардағы "қызметтер" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;
мәтін бойынша "және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі", "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі,", ", Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі", "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің," деген сөздер алынып тасталсын;
екінші абзацтағы "қызметтер" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын; 
бесінші абзацтағы "қызметін" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын; 
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметтерді бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе белгіленген құзыретінің шегіндегі облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган.";
4-тармақтың екінші абзацы "көрсетілетін" деген сөздің алдынан "реттеліп" деген сөзбен толықтырылсын;
6 және 7-тармақтардағы "жұмыстарға, қызметтерге ақы төлеу бойынша", "жұмыстарды, қызметтерді көрсеткен кезде", "тиісті жұмыстар мен қызметтерді" деген сөздер тиісінше "реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды)", "реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсеткен кезде", "тиісті реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды)" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақта "жұмыстар мен қызметтер" деген сөздер "реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың барлық мәтіні бойынша "жұмыстар мен қызметтер" деген сөздер "реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тарифтер" деген сөзден кейін "(бағалар, алым ставкалары)" деген сөздермен толықтырылсын; 
"қызметтерді" деген сөз "реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) көрсетілген Ереженің 1-қосымшасының тақырыбындағы "белгілеу" деген сөз "бекіту" деген сөзбен ауыстырылсын;
барлық мәтін бойынша "белгіленген", "белгілеу" деген сөздер тиісінше "бекітілген", "бекіту" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "қызметтер" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы "қызметтер" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Ә.М.Жұмабаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін: 
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін; 
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің және "Ақтау теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi