«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 705 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1103 Қаулысымен (31.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1108 Қаулысына сәйкес «Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.02.2015 жылғы № 18-03/143 Бұйрығын қараңыз
Редакция 26.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидалары бекiтілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1103 Қаулысымен (31.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 705 қаулысымен бекітілген
Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беру қағидалары
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1103 Қаулысымен (31.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 24-12) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1103 Қаулысымен (31.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы Қағидалар Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенция (бұдан әрi – Конвенция) бойынша әкiмшiлiк органның Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгiзiлген жабайы жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелу, одан тысқары жерлерге әкету үшiн қажет рұқсат беру тәртiбiн белгiлейдi.
3. Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады:
1) үлгi – Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгiзiлген кез келген тiрi немесе өлi жануар немесе олардың оңай танылатын кез келген бөлiгi немесе дериваты;
2) әкiмшiлiк орган – Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындаған ұлттық әкiмшiлiк орган;
3) ғылыми ұйым – Конвенция бойынша ғылыми қорытынды беру үшін Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындаған ұйым;
4) тарап – өзі үшін Конвенция күшiне енген мемлекет;
5) өтiнiш беруші – әкiмшiлiк орган мен ғылыми ұйымға үлгiлердi әкелуге және әкетуге өтiнiш берген жеке немесе заңды тұлға;
6) рұқсат – әкімшілік органның үлгiлердi әкелуге және әкетуге ресми рұқсат құжаты.
2. Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру тәртiбi
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1103 Қаулысымен (31.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алу үшін өтінім беруші қағаз нысанында не «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінің порталы арқылы электрондық нысанда ғылыми ұйымға мыналарды жібереді:
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1103 Қаулысымен (31.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.06.2014 жылғы № 702 Қаулысына сәйкес (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.07.2014 жылғы № 147 (28371) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлға үшін), сәйкестендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (дара кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін) көшірмелері;
3) үлгісі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға 1 және 2-қосымшаларға енгізілген жағдайда, экспорттауға рұқсат немесе кері экспорттауға сертификат.
5. Ғылыми ұйым өтiнiш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарап, ғылыми қорытынды береді.
6. Ғылыми қорытынды ғылыми ұйымның фирмалық бланкісінде ресімделеді, оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және ғылыми ұйымның мөрі басылады.
7. Мынадай:
1) өтініш белгіленген нысан бойынша берілмеген;
2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер болған;
3) үлгілерді әкелу және әкету олардың тірі қалуына қатер төндіретін жағдайларда өтініш берушіге ғылыми қорытынды беруден бас тартылады.
Құжаттардың сәйкессіздігі жойылғанда өтініш беруші ғылыми ұйымға қарауға құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде құжаттар топтамасымен бірге өтініш бере алады.
8. Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшін өтінім беруші қағаз нысанында не «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінің порталы арқылы электрондық нысанда әкімшілік органға мыналарды жібереді:
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1103 Қаулысымен (31.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.06.2014 жылғы № 702 Қаулысына сәйкес (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.07.2014 жылғы № 147 (28371) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) құрылтай құжатының, мемлекеттік тіркеу туралы (заңды тұлға үшін) анықтаманың немесе куәліктің*, сәйкестендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (дара кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін) көшірмелері;
ескертпе:* - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
3) жеке мақсаттарда әкетуді жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, осы әкетуді жүзеге асыру ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың немесе шарттың көшірмесі;
4) үлгісі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға 1 және 2-қосымшаларға енгізілген жағдайда, экспорттауға рұқсаттың немесе кері экспорттауға сертификаттың көшірмесі;
5) ғылыми ұйым қорытындысының көшірмесі;
6) сирек кездесетін және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекіре балықтарының түрлерін, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат беру үшін бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
9. Әкімшілік орган өтініш келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қарап, ғылыми ұйымның қорытындысы болған жағдайда рұқсатты ресімдеуді жүргізеді.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1103 Қаулысымен (31.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.06.2014 жылғы № 702 Қаулысымен (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.07.2014 жылғы № 147 (28371) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Үлгілерді әкелуге әкімшілік органға берілетін өтінішке экспорттауға рұқсаттың немесе кері экспорттауға сертификаттың көшірмесі қоса беріледі.
10. Мынадай:
1) өтініш белгіленген нысан бойынша берілмеген;
2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер болған;
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.06.2014 жылғы № 702 Қаулысымен (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.07.2014 жылғы № 147 (28371) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) осы Қағидалардың 4 және 8-тармақтарында көзделген құжаттар топтамасы толық көлемінде ұсынылмаған жағдайларда өтініш берушіге рұқсат беруден бас тартылады.
10-тармақ 3-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 26.06.2014 жылғы № 702 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.07.2014 жылғы № 147 (28371) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжаттардың сәйкессіздігі жойылғанда өтініш беруші әкімшілік органға қарауға құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде құжаттар топтамасымен бірге өтініш бере алады.
11. Рұқсат осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi бланкiде ресiмделедi, оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және әкімшілік органның мөрі басылады.
12. Үш данадағы (түпнұсқа және екі көшірме) рұқсат өтініш берушіге немесе өтініш берушінің сенімхаты бойынша басқа тұлғаға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес рұқсаттар беру журналына қол қойғызып беріледі.
Рұқсат сирек кездесетін және құрып кету қауiпi төнген жануарлар түрлерi мен бекіре балықтарын, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат болған жағдайда беріледі, бұл ретте бюджетке мемлекеттік баж тиісті құжат берілгенге дейін төленеді.
13. Рұқсаттың түпнұсқасы үлгiмен бiрге жүредi, рұқсаттың екiншi данасын өтiнiш беруші кедендiк декларациялау органына тапсырады, рұқсаттың үшiншi данасы өтiнiш берушіде қалады.
14. Рұқсат осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген ақпаратты қамтиды және берілген сәтінен бастап алты ай бойы ғана үлгілерді әкелу мен әкету үшін пайдаланылуы мүмкін.
15. Әкімшілік орган берген рұқсаттың барлық көшірмелерінде олардың тек қана көшірме болып табылатыны және құжатта атап өтілген жағдайларды қоспағанда, мұндай көшірменің бірде біреуі түпнұсқаның орнына пайдаланыла алмайтыны анық көрсетілуге тиіс.
15-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1103 Қаулысымен (31.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Үлгілердің әрбір топтамасы үшін жеке рұқсат талап етіледі.
16. Бұл орынды және мүмкін болған кезде әкімшілік орган үлгіні тануды жеңілдету үшін кез келген үлгіге ен сала алады. Осы мақсаттар үшін «ен» кез келген өшпейтін таңбаны, қорғасын пломбаны немесе бөтен адамдардың оны қолдан жасауы барынша қиын болатындай етіп орындалған үлгінің түпнұсқа екенін анықтаудың басқа да лайықты құралын білдіреді.
17. Рұқсатқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «31» мамырдағы № 705 қаулысымен бекітілген Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1103 Қаулысымен (31.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция жөніндегі әкiмшiлiк органның ғылыми ұйымы ____________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның ____________________________ (дара кәсіпкердің) тегі, аты, әкесінің аты, ____________________________ мекенжайы ____________________________ телефон мен факстің нөмірі)
Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алуға арналған ӨТІНІШ
Үлгілерді әкелуге, әкетуге арналған ғылыми қорытынды беруіңізді сұраймын ___________________________ (қажеттісінің астын сызу)
| Әкелу, әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар мен мұражайлар арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке берулер, аңшылық олжалар және басқалар) |
|
| Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген үлгі |
|
| Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістері, қан, сондай-ақ бұйымдар және басқалар, тірі жануарлар үшін - жынысы мен жасы, ұқсастық белгілерінің бар-жоғы) |
|
| Үлгілердің саны немесе салмағы |
|
| Үлгілердің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жолмен шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды және басқалар) |
|
| Экспорттаушының және импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін - үйінің мекенжайы, паспорттық деректері) |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «31» мамырдағы № 705 қаулысымен бекітілген Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 2-қосымша
2-қосымшаның тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1103 Қаулысымен (31.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция жөніндегі әкiмшiлiк орган ____________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның ____________________________ (дара кәсіпкердің) тегі, аты, әкесінің аты, ____________________________ мекенжайы, ____________________________ телефон мен факстің нөмірі)
Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алуға арналған ӨТІНІШ
Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат беруіңізді сұраймын ___________________________ (қажеттісінің астын сызу)
| Әкелу және әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар мен мұражайлар арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке берушілер, аңшылық олжалар және басқалар) |
|
| Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген үлгі |
|
| Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістері, қан, сондай-ақ бұйымдар және басқалар, тірі жануарлар үшін - жынысы мен жасы, ұқсастық белгілерінің бар-жоғы) |
|
| Үлгілердің саны немесе салмағы |
|
| Үлгілердің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жолмен шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды және басқалар) |
|
| Экспорттаушының және импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін - үйінің мекенжайы, паспорттық деректері) |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «31» мамырдағы № 705 қаулысымен бекітілген Әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 1-қосымша
3-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1103 Қаулысымен (31.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
| ТҮПНҰСҚA | Convention on International Trade | |||||||
|
| Экспорт |
| ||||||
| Импорт | ||||||||
| Реэкспорт | ||||||||
| Өзгелері | ||||||||
| Рұқсат №: | ||||||||
Қорғаныш маркасы №: | |||||||||
Дейін жарамды: | |||||||||
| Ерекше шарттар: | ||||||||
| |||||||||
| Салынған енді қоса алғанда, үлгінің сипаттамасы | Қосым-ша | Көзі | Мақсаты | Даналар саны немесе салмағы | ||||
|
|
|
|
|
| ||||
Шыққан елі | Рұқсаттың нөмірі және күні | ||||||||
|
|
|
|
|
| ||||
Шыққан елі | Рұқсаттың нөмірі және күні | ||||||||
| |||||||||
| Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өту бекетінде толтырылады | ||||||||
| Саны | ||||||||
|
| ||||||||
|
| ||||||||
|
|
|
|
Әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына қосымша
4-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1103 Қаулысымен (31.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна менфлора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру журналы
Р/с № | Кімге берілді | Үлгінің атауы | Саны | Қайда/қайдан | Рұқсат берілген күн және нөмірі | Алушының Т.А.Ә., сенімхат | Алушының қолы |
1 | | | | | | | |
2 | | | | | | | |
3 | | | | | | | |