1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 14.04.2010
Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1227 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.04.2010 № 302 Қаулысымен. (09.12.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
1) Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне жыл сайын 10 қаңтардан кешіктірмей Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын 25 қаңтардан кешіктірмей Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жинақтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1227 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны
Бағдарламаның паспорты
1. Кіріспе
1.1. Автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың негізгі қорытындылары
2. Автожол саласының қазіргі жай-күйін талдау
2.1. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы автомобиль жолдарының рөлі
2.2. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желілерінің көлікті пайдалану жай-күйі
2.3. Жол қозғалысының қауіпсіздігі
Полная версия