Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2015
Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1353 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 21.08.2015 жылғы № 657 Қаулысына сәйкес
«Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 19.03.2015 жылғы № 222 Бұйрығын қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 24 қазандағы
 № 1353 қаулысымен
 бекітілген
Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары
1. Осы Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 25) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді және тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) жұмысқа алғаш рет рұқсат беру – өкім немесе наряд бойынша жұмыстың алғаш рет жүзеге асырылатын рұқсат беру;
2) тарату құрылғысы (бұдан әрі – ТҚ) – электр энергиясын қабылдау және тарату үшін қызмет атқаратын, коммутациялық аппараттардың жиынтығынан, жиналмалы және жалғамалы шиналардан, релелік қорғанысы мен автоматиканың көмекші құрылғыларынан, есепке алу және өлшеу құралдарынан тұратын электр құрылғысы;
3) ашық тарату құрылғысы (бұдан әрі – АТҚ) – барлық немесе негізгі жабдықтары ашық ауада орналасқан тарату құрылғысы;
4) тұтынушы – шарт негізінде электр энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
5) бұрмаланбаған электр өрісінің кернеуі – жұмыс барысында адам болатын аймақта айқындалатын, адамның және өлшеу аспабының болуымен бұрмаланбаған электр өрісінің кернеуі;
6) әуе электр беру желісі (бұдан әрі – ӘЖ) – ашық ауада орналасқан инженерлік құрылыстардағы (көпірлерде, өтпе жолдарда және т.б.), тіректерге немесе кронштейндерге және бағаналарға оқшаулағыштар мен арматураның көмегімен бекітілген, сымдар арқылы электр энергиясын беруге арналған құрылғы. Әуе электр беру желісінің басына және соңғы ұштарына ТҚ-ның желілік порталдары мен желілік кірмелері, ал тармақтары үшін – ТҚ-ның тармақтаушы тірегі мен желілік порталы немесе желілік кірмесі қабылданады.
7) тума кернеудегі әуе желісі – қолданыстағы әуе желілерінің барлық ұзына бойы мен немесе жақын маңдағы жекелеген учаскелерімен немесе электрлендірілген темір жолдың түйіспе торабының маңында, оларды тұйықтаудың (сондай-ақ, тұйықтауыш болмаған жағдайда) әртүрлі схемалар кезінде ажыратылған сымдардағы ауыспалы тогының және қолданыстағы әуе желілерінің (түйіспе тораптың) аса көп жұмыс тогы кезінде кернеуі 25 вольттан (бұдан әрі – В) артық берілгенде жүріп жатқан желілері және әуе байланысының ауа желілері;
8) әуе электр беру желілерін және әуе байланыс әуе желілерін қорғау аймағы – 100 метр (м) қашықтықтағы кеме жүретін су айдындары үшін олардың ауытқымаған жағдайында шеткі сымдар желісінің, екі жағынан тік жазықпен шектелген су айдынының сулы бетінің ауа кеңістігі түріндегі су алаңы (өзен, арналар, көл және т.б.) арқылы өтетін әуе желілерінің өту жолдарының бойындағы, ал кеме жүрмейтін су айдыны үшін – жермен өтетін немесе әуе желілері бойымен өтетін қорғау аймақтарын белгілеу үшін көзделген төменде көрсетілген қашықтықтағы олардың ауытқымаған жағдайында шеткі сымдар желісінің, екі жағынан тік жазықпен шектелген жер учаскесі мен ауа кеңістігі түріндегі аймақ:
кернеуі 1 киловольт (кВ) дейінгі әуе желілері және әуе байланыс желілері үшін – 2 м;
Полная версия
ИС BestProfi