Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 шілдедегі N 653 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 750 Қаулысына сәйкес
«Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерін бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 16.03.2015 жылғы № 202 Бұйрығын қараңыз
Қазақтан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлері бекітілсін.
2. "Төтенше экологиялық жағдайды жариялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 мамырдағы N 431 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 19, 233-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 31«шілдедегі
 N 653 қаулысымен
 бекітілген
Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлері 
1. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлері Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16 және 175-баптарына сәйкес әзірленді. 
2. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлері - халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның жай-күйінің нашарлауын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы. 
3. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлері төтенше экологиялық ахуал аймағын немесе экологиялық зілзала аймағын анықтау кезінде пайдаланылады. 
4. Төтенше экологиялық жағдай аймағын немесе экологиялық зілзала аймағын анықтау қолайсыз экологиялық ахуалдың неғұрлым жоғары дәрежесін көрсететін бір немесе бірнеше негізгі және қосымша көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады. 
5. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлері халық денсаулығы мен қоршаған ортаның жай-күйін анықтаудың басқа да мақсатында пайдаланылуы мүмкін. 
6. Осы аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерінде қолданылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталатын мағыналарда пайдаланылады.
2. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау үшін  
  қолданылатын халық денсаулығының жай-күйін бағалауға  
  арналған медициналық-демографиялық көрсеткіштер 
Негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерге мыналар жатады: қоршаған ортаның ластануына байланысты ауру, бала өлімі, медициналық-генетикалық бұзылулар, ерекше және онкологиялық аурулар. 
Экологиялық қолайсыз аумақтар бойынша медициналық-демографиялық көрсеткіштер осы климаттық-географиялық аймақтардың бақылау (аялық) аумақтарындағы ұқсас көрсеткіштермен салыстырылады. Осындай бақылау (аялық) аумақтары ретінде елді мекендер немесе олардың жеке бөліктері қабылданады, оларда медициналық-демографиялық көрсеткіштердің барынша қолайлы мәндері тіркеледі. 
Осындай көрсеткіштерді анықтау қолайлы экологиялық (санитарлық-гигиеналық) жағдайы бар бірнеше (үш немесе одан артық) аумақтар бойынша қала және ауыл халқы үшін бөлек ұсынылады. Бірнеше ең аз көрсеткіштердің орташа шамасы бақылау (аялық) мәні ретінде қабылданады. Бақылау шамасы ретінде тек қана республика мен облыс бойынша орташа көрсеткіштерді пайдалануға жол берілмейді. 10 жылғы есептелген көрсеткіштер және (немесе) олардың осы кезең үшін серпіні артығырақ. Антропогенді табиғатты қоршаған ортаның факторларымен этиологиялық байланыстағы салыстырмалы сирек кездесетін аурулар, сондай-ақ ерекше аурулар және денсаулық жай-күйінің басқа да бұзылулары үшін айрықшалық жасалуы мүмкін. Сондай-ақ сараптама жүргізу сәтіне олардың шамасымен салыстыру үшін бақылау сандары ретінде өткен жылдарға аумақ бойынша деректерді пайдалануға рұқсат беріледі. Медициналық көрсеткіштерді есептеу кезінде мемлекеттік медициналық статистиканың, арнайы ақпараттық жүйелердің, жеке аурулар бойынша тіркелімдердің, сондай-ақ популяциялық немесе когорталы зерттеулердің (ұсынылатын ақпараттың сенімхатын ескере отырып) нәтижелері пайдаланылуы мүмкін. Медициналық-демографиялық көрсеткіштер бойынша материалдарды дайындау кезінде толық бастапқы материалды ұсыну міндетті, оның негізінде аумақты экологиялық қолайсыздықтың аймағына жатқызу жөніндегі мәселе қойылады. Ұсынылатын материалдарда "Негізгі көрсеткіштер" және мүмкіндігінше»"Қосымша көрсеткіштер" бөлімі бойынша толық ақпарат болуға тиіс. Аумақтың аталған көрсеткіштерінен басқа, уәкілетті мемлекеттік органдар, өз қалауынша, денсаулықтың жай-күйін және оған қоршаған табиғи орта ластануының әсерін сипаттайтын басқа да кез келген материалдарды ұсынуы мүмкін. Төтенше экологиялық жағдай аймағын немесе экологиялық зілзала аймағын анықтау экологиялық қолайсыздықтың неғұрлым жоғары дәрежесін көрсететін бір немесе бірнеше негізгі және қосымша көрсеткіштер арқылы жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi