Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.12.2010
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1316 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 тамыздағы N 831 Қаулысы       
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 13.12.2010 № 1345 Қаулысымен. (04.08.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1316  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 48, 546-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында: 
Әйтімова Бірғаным Сарықызы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға; 
Выборов Анатолий Николаевич - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі - Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитетінің төрағасы, хатшы; 
Әбдіманапов Сәрсенғали Әбдіғалиұлы - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры (келісім бойынша); 
Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; 
Исақов Нұржан Әзімханұлы - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық басқармасы құқық қорғау бөлімінің бас инспекторы (келісім бойынша); 
Кәрбозов Қозы-Көрпеш Жапарханұлы - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша); 
Сәрсенбайұлы Алтынбек - Қазақстан Республикасының Ақпарат министрі; 
Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі;
"Абдрахманов          - Қазақстан Республикасының Ақпарат 
Досаев                - Қазақстан Республикасының Қаржы  
Червинский            - "Казахстанская правда" республикалық 
Олег Григорьевич        газеті" ашық акционерлік қоғамының                                 президенті (келісім бойынша)"       деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Абдрахманов          - "Егемен Қазақстан" республикалық 
Сауытбек                газеті" ашық акционерлік қоғамының                                 президенті (келісім бойынша);
Досаев                - Қазақстан Республикасының Денсаулық 
Ерболат Асқарбекұлы     сақтау министрі;
Червинский            - "Казахстанская правда" республикалық 
Олег Григорьевич        газеті" ашық акционерлік қоғамының                                 президенті (келісім бойынша)";
Павлов Александр Сергеевич, Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы, Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы, Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы, Қосмұхамедова Жәннат Оразымбетқызы, Смайылов Ержұман Өтешұлы шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
"1. Жалпы ережелер" деген бөлімнің 2-тармағы "өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ осы Ережені" деген сөздермен толықтырылсын;
"4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру" деген бөлімнің 10-тармағындағы "ай сайын" деген сөздер "қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Премьер-Министрінің         міндетін атқарушы
Полная версия
ИС BestProfi