"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
"Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.03.2015 жылғы № 209 Бұйрығын қараңыз
Редакция 29.03.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар " санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысымен бекітілген
Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және сумен жабдықтау көздерін ластанудан қорғауға, ауыз сумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғау аймақтарының шекараларын айқындауға, ауыз судың сапасына, сумен жабдықтау және кәріздеу құрылыстарына, суды дезинфекциялауға, жабық және ашық жылумен жабдықтау жүйелеріндегі орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтауға, ыстық сумен жабдықтаудың бөлек желілері бар жылы сумен жабдықтау жүйесіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидалар сумен жабдықтау объектілеріне (орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауыз сумен, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері), орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйелеріне және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына қолданылады.
3. Осы Санитариялық қағидалар қызметі сумен жабдықтау объектілерін жобалаумен, салумен, қайта жаңартумен, оларды күтіп-ұстаумен және пайдаланумен байланысты заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
4.Осы Санитариялық қағидадалар мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) бак-аккумулятор – су жинауға арналған сыйымдылық;
2) арынсыз сулар – сулы қабаттың жоғары бетінде атмосфералық қысым деңгейінде қысымы бар жерасты сулары;
3) бьеф – ағысы бойынша сужинағыш құрылыстан (бөгет, шлюздер) жоғары немесе одан төмен орналасқан су қоймасының, өзеннің, арнаның бір бөлігі;
4) сутаратқыш және магистралдық су құбырлары – ауыз сумен жабдықтау көздерінен суды тұтынушы орынға оны жеткізу үшін жұмыс істейтін құбырлар түріндегі құрылыстар;
5) бірінші санаттағы су қоймасы – орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көзі ретінде пайдаланылатын жерүсті су объектілері;
6) екінші санаттағы су қоймасы – жаппай демалу, туризм және спорт үшін пайдаланылатын, сондай-ақ елдімекендер шегінде орналасқан жерүсті су объектілері;
7) ыстық сумен жабдықтау – тұрғын үйлерді, ұйымдарды тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктер үшін арнайы жабдық пен құрылғылардың кешені арқылы ыстық сумен жабдықтау;
Полная версия