«Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы 6-бабының 7) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2022
Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 15 желтоқсанда № 6681 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2017 жылғы № 838 Бұйрығына сәйкес (26.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.04.2022 жылғы № 118 Бұйрығына сәйкес
Редакция 18.07.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қараудың қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2017 жылғы № 838 Бұйрығына сәйкес (26.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің № 87-п «Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 17 наурыздағы бұйрығының күші жойылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6174 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2010 жылғы № 8, 380-бап жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары А.В. Кулиничке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Баймағанбетов
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген
Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қараудың қағидалары
Ереже өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 01.07.2014 жылғы № 396 Бұйрығымен (29.11.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған) Ереже өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 жылғы № 76 Бұйрығымен (01.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2017 жылғы № 838 Бұйрығына сәйкес (26.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 жылғы № 265 Бұйрығына сәйкес (13.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Босқын мәртебесін алу туралы өтінішхатты тіркеу және қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қараудың тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 жылғы № 365 Бұйрығына сәйкес (30.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өтінішхат – пана іздеген адамның жеке өзі немесе осыған уәкілетті өкілі арқылы өзінің келген жері бойынша босқын мәртебесін беру туралы уәкілетті органға жазған жазбаша өтініші;
2) пана іздеген адам (бұдан әрі – адам) - уәкілетті орган босқын мәртебесін беру туралы өздерінің өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға ниет білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
3) пана іздеген адамның куәлігі (бұдан әрі – куәлік) - босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаттың тіркелуін растайтын, уәкілетті орган беретін құжат;
4) пана іздеген адамның отбасы мүшелері – жұбайы (зайыбы), олардың кәмелетке толмаған балалары және оның асырауындағы басқа адамдар;
5) босқын - нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің негізділігіне қарай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген және өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмейтін шетелдік немесе осындай қауіп салдарынан еліне қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін, өзі тұрақты тұратын немесе өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген азаматтығы жоқ адам;
6) уәкілетті орган - босқындар мәселелері бойынша қатынастарды реттеу саласында басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Полная версия