Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен міндеттемелерді сату ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы N 107 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 750 Қаулысына сәйкес «Қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен міндеттемелер саудасының қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 31.03.2015 жылғы № 250 Бұйрығын қараңыз
1. Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен міндеттемелерді сату ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы N 107 қаулысымен бекітілген
Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен міндеттемелерді сату ережесі
1. Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен міндеттемелерді сату ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту жөніндегі міндеттемелер (бұдан әрі - эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелер) - экологиялық рұқсатта анықталатын және белгілі бір уақыт ішінде қоршаған ортаға эмиссияларды кезең-кезеңімен төмендетуді өзіне қамтитын табиғат пайдалану шарттары;
қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттер (бұдан әрі - эмиссияларға арналған лимиттер) - белгілі бір мерзімге арнап белгіленетін қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтік көлемі;
қоршаған ортаға эмиссияларға арналған квота (бұдан әрі - эмиссияларға арналған квота) - нақты табиғат пайдаланушыға белгілі бір мерзімге бөлінетін қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттің бір бөлігі;
қоршаған ортаға эмиссиялар - ластағыш заттардың шығарындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету.
3. Эмиссияларға арналған квоталар мен эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді сату табиғат пайдаланушыға экологиялық рұқсат шеңберінде бөлінген эмиссияларға арналған пайдаланылмаған лимиттің бөлігін басқа табиғат пайдаланушыға (табиғат пайдаланушыларға) беру арқылы жүзеге асырылады.
4. Эмиссияларға арналған бар лимиттен және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерден аспау мақсатында табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсатта белгіленген уақыт кезеңі ішінде квотаның жеткіліксіз бөлігін және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелердің бөлігін қоршаған ортаға эмиссиялардың лимиттелетін көлемінің резервіне ие басқа табиғат пайдаланушыдан сатып ала алады.
5. Егер табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсатта белгіленген эмиссияларға арналған лимитпен және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелермен салыстырғанда қоршаған ортаға нақты эмиссиялардың резервіне ие болған жағдайда, ол эмиссияларға арналған квотаның бөлігін және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелердің бөлігін басқа табиғат пайдаланушыларға сатуға ұсына алады.
6. Эмиссияларға арналған квотаны және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді бір табиғат пайдаланушыдан басқасына ластаушы заттардың шығарындылары, төгінділері бойынша, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру бойынша жеке жүзеге асырылады.
7. Егер ластаушы заттардың шығарындыларын, төгінділерін, өндіріс қалдықтарын орналастыру және тұтыну объектілері арасындағы қашықтық осы табиғат пайдаланушылар үшін белгіленген санитарлық-қорғау аймақтары радиустерінің он еселенген сомасынан аспаса, қоршаған ортаға эмиссияларға арналған квоталар мен эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді сатуға рұқсат беріледі.
8. К тонна (текше метр) мөлшерінде і заты бойынша бір табиғат пайдаланушыдан басқасына ластаушы заттардың шығарындылары, төгінділері бойынша эмиссияға арналған квота мен эмиссияларды қысқарту жөніндегі міндеттемелерді беру соңғысына b тонна (текше метр) мөлшерінде j заты бойынша жеткіліксіз лимитті (эмиссияларды төмендетуге арналған міндеттемелердің мөлшері), егер мына арақатынас сақталатын болса, А і * К = A j *L өтейді, мұнда, А і , A j - атмосфералық ауа (су) үшін і, j заттарының салыстырмалы қауіпсіздігінің коэффициенттері. Эмиссияға арналған квота мен эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді беру тек қана қауіпсіздіктің бір сыныбына тиесілі заттардың шығарындылары (төгінділері) бойынша жүзеге асырылады.
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру бойынша эмиссияларға арналған квотаны және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді беру қауіптіліктің бір деңгейіне жататын қалдықтардың түрлері бойынша тең физикалық көлемдерде жүзеге асырылады.
Эмиссияларға арналған квотаны және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді табиғат пайдаланушылар арасында беруге тараптарға белгіленген тәртіппен берілген экологиялық рұқсаттардың қолданылу мерзімдері шегінде жол беріледі.
9. Эмиссияларға арналған квотаны және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді сату (сатып алу) жөнінде мәміле жасасу үшін тараптар сатып алу-сату шартын (бұдан әрі - шарт) жасасады.
10. Экологиялық рұқсаттарды беретін орган шарттың негізінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес шарттың әрбір қатысушысы үшін тиісті экологиялық рұқсаттарды қайта ресімдеуді жүргізеді.
11. Экологиялық рұқсатты қайта ресімдеу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
12. Егер шарт жасасқан кезде Ереженің 7, 8-тармақтарының ережелері сақталмаса, рұқсатты қайта ресімдеуден бас тартылады.
13. Экологиялық рұқсаттарды қайта ресімдеуден бас тартылған кезде он күн мерзімде жазбаша түрде дәлелденген жауап беріледі.
Полная версия