Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес
«Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу қағидаларын, механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзудiң кезеңдiлiгiн бекiту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.03.2015 жылғы № 329 Бұйрығын қараңыз
Редакция 31.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасы;
2) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігі;
3) техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 17 мамырдағы
 № 523 қаулысымен
 бекітілген
Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасы
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.08.2012 жылғы № 1027 Қаулысымен(24.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Осы Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 6-бабына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын және жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органда тiркелген механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) көлiктiк бақылау органы – Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық көлiктiк бақылау органдары;
2) механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесi – механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе шұғыл басқару құқығында немесе кез келген басқа да заңды негiзде иеленетiн жеке немесе заңды тұлға;
3) мiндеттi техникалық байқау жүргiзу – мiндеттi техникалық байқауға қатысушы ретiнде өз құқықтарына және мiндеттерiне сәйкес осы Қағидада көзделген техникалық байқау операторы жүзеге асыратын iс-қимылдар;
4) мiндеттi техникалық байқаудан өту – мiндеттi техникалық байқауға қатысушы ретiнде өз құқықтарына және мiндеттерiне сәйкес осы Қағидада көзделген механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң иесi жүзеге асыратын iс-қимылдар;
Полная версия
ИС BestProfi