Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015
"Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына өзгерістер енгізу және оның нормаларының қолданылуын тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 509 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес
1. "Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 474-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасында:
"33. Көлік құралының тежеуін басқаруды тексеру көлік құралының санатына байланысты мынадай роликтік тежеуіш стенділерімен жүргізіледі:
1) N3 және 04 санаттары үшін білікке түсетін барынша жүктемесі 16 тоннадан кем емес;
2) М2, М3, N2, О3 санаттары үшін білікке түсетін барынша жүктемесі 10 тоннадан кем емес;
3) M1, N1, 02 санаттары үшін білікке түсетін барынша жүктемесі 2 тоннадан кем емес;
4) L3, L4, L5 санаттары үшін 1 доңғалаққа түсетін барынша салмақ 0,6 тонна.
2) көрсетілген қаулымен бекітілген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің бұдан кейінгі міндетті техникалық байқаудан өту мерзімі бастапқы міндетті техникалық байқаудан өту күнінен бастап есептеледі.
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кезеңділігінің 1-тармағының 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылғы мамыр - қыркүйек аралығында мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткен, шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жылдан асатын, таксиді қоспағанда, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша орталық атқарушы органда тіркелген M1 санатты механикалық көлік құралдарына қолданылмайды.
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кезеңділігінің 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген механикалық көлік құралдары:
1) мемлекеттік техникалық байқаудан:
2011 жылғы мамырда өткендер 2012 жылғы қарашада міндетті техникалық байқаудан өтеді;
2011 жылғы маусымда өткендер 2012 жылғы желтоқсанда міндетті техникалық байқаудан өтеді;
2) мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан:
2011 жылғы шілдеде өткендер 2013 жылғы қаңтарда міндетті техникалық байқаудан өтеді;
2011 жылғы тамызда өткендер 2013 жылғы ақпанда міндетті техникалық байқаудан өтеді;
2011 жылғы қыркүйекте өткендер 2013 жылғы наурызда міндетті техникалық байқаудан өтеді.".
3) көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысаны осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қаулымен бекітілген Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасының 34-тармағы 6) тармақшасының және 44-тармағының қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін және 2013 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылатын осы қаулының 1-тармағының он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 509 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысымен бекітілген
Нысаны
№____ техникалық байқаудың диагностикалық картасы
АКҚ тексеру орыны: Бастапқы тексеру
Қайталап тексеру
Мемлекеттік тіркеу белгісі: | Марка, модель: | Шығарылған жылы: |
Модель, қозғалтқыш №: | шанақ №: | шасси (рама) №: |
Сәйкестендіру нөмірі VIN: | ||
АКҚ меншік иесі: | АКҚ меншік иесінің өкілі: | |
Тіркеу құжаты: | Серия: | Нөмірі: |
100 | Тежеу жүйесі | Жұмыстық тежеу жүйесінің үлестік тежегіш күші | 101 | Тұрақтық тежеу жүйесінің үлестік тежегіш күші | 102 | Доңғалақтардың тежегіш күшінің салыстырмалы айырмашылығы | 103 | Пневматикалық тежеу жетегінің герметикалығы | 104 | |
Гидравликалық тежеу жетегінің герметикалығы | 105 | Манометр, сигнал беру жүйесі | 106 | Сығымдалған ауа қысымы | 107 | Жұмыстық тежеу жүйесінің іске қосылу уақыты | 108 | Тежеу кезіндегі желілік ауытқу | 109 | |
Қосалқы тежеу жүйесі | 110 | Тежеу жүйелері элементтерінің жай-күйі | 111 | |||||||
200 | Рульмен басқару | Жиынтық люфт | 201 | Бөлшектердің ығысуы, бұрандалық қосылыстардың бекітілуі | 202 | Рульмен басқаруды күшейткіш | 203 | Рульмен басқару элементтерінің жай-күйі | 204 | |
300 | Сыртқы жарық аспаптары | Алыc және жақын жарық фаралары, қосымша фаралар | 301 | Тұманға қарсы фаралар | 302 | Тежеу сигналдары | 303 | Габариттік жарық, артқы, тұманға қарсы жарық | 304 | |
Бұрылысты нұсқағыштар, авариялық сигнал беру | 305 | Тіркеу белгісін жарықтандыру шамы | 306 | Артқы жүріс жарығы | 307 | Жарық тойтарғыштар | 308 | Автопоезд белгісі | 309 | |
400 | Желқағар әйнектердің әйнек тазалағыштар, әйнек жуғыштары | Әйнек тазалағыштар | 401 | Әйнек жуғыштар | 402 | |||||
500 | Доңғалақтар мен шиналар | Протектордың тозуы | 501 | Шиналардың зақымдалуы | 502 | Шиналарды орнату | 503 | Доңғалақтардың дискілері мен құрсауларының бекітілуі, жай-күйі | 504 | |
600 | Қозғалтқыш және оның жүйелері | СО және СН құрамы | 601 | Дизельді қозғалтқыштың түтіндегіштігі | 602 | Қоректену жүйесі | 603 | Шығару жүйесі | 604 | |
700 | Конструкцияның басқа элементтері | Тіркеу белгілері | 701 | Көлік құралының таңбалануы | 702 | Артқы көрініс айналары | 703 | Дыбыстық сигнал | 704 | |
Әйнектер (шолу ауқымы, ашықтығы) | 705 | Спидометр | 706 | Аспаның, кардан берілісінің элементтері | 707 | Жүргізушінің отырғышын реттеу тетіктері | 708 | Есіктердің құлыптары, борттардың, шанның ілмектері | 709 | |
Есіктерді басқару жетегі | 710 | Авариялық шығаберістер | 711 | Айдап кетуге қарсы құрылғылар | 712 | Әйнектерді жылыту және желпіту құрылғылары | 713 | Лайдан қорғағыш алжапқыштар; шашыратқыштар | 714 | |
Іліністік құрылғы | 715 | Медициналық қобдиша, өрт сөндіргіштер, авариялық тоқтау белгісі | 716 | Жылжуға қарсы тіректер | 717 | Қауіпсіздік белдіктері | 718 | Көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгертулер | 719 | |
Жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келеді | Жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келмейді: | Тексеру жүргізілмеген: | ||||||||
Тексеру барысында анықталған ақаулықтар туралы лер және қосымша ақпарат: |
АКҚ техникалық жай-күйіне тексеру жүргізген:
Күні: ________________ _______________________________________
(Тексеруді жүргізген маманның аты-жөні,қолы)
Техникалық байқау орталығының (ТБО) қорытындысы:
АКҚ ___________________________________________________________ (ақаусыз/ақаулы) (ТТО маманының лауазымы) (күні, қолы)
Полная версия