Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.04.2014
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі N 140-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 22 маусымдағы N 7025 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 14.06.2014 жылдан бастап ҚР Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.04.2014 жылғы № 139-ө Бұйрығына сәйкес
Редакция 20.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттері  бекітілсін:
1-тармақ өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.12.2012 жылғы № 485-ө-м Бұйрығымен (28.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бала тууға және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан мемлекеттік базалық зейнетақыны есепке ала отырып, зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу»;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу»;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу»;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу»;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Арнайы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу»;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу»;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Әлеуметтік жеке код беру (телнұсқа беру)»;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру».
2. Стратегиялық даму және жоспарлау департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын  бақылау  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Т.Б. Дүйсеноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат министрі
_____________А. Жұмағалиев
2011 жыл 20 мамыр
Қазақстан Республикасы
 Еңбек және халықты әлеуметтік
 қорғау министрінің
 2011 жылғы 28 сәуірдегі
 № 140-ө бұйрығына
 1-қосымша
Полная версия
ИС BestProfi