1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының «Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 02-01-02/9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7384 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 шілдедегі № 209-210 (27028-27029) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2014
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 02-01-02/9 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 02-01-02/191 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 14 қаңтарда № 8263 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 10.11.2014 жылғы № 23 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
аталған бұйрығымен бекітілген, Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме):
5-тармақ алынып тасталсын;
«8. Персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.
Орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарда персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындылар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және бағаланушы мемлекеттік органдарға ұсынылады.
Президент Әкімшілігі дайындаған Агенттікте персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.»;
«9. Персоналды басқару тиімділігін бағалау Агенттікке осы Әдістеменің 1 -17 тармақтарына сәйкес мемлекеттік органдар жолдаған ақпаратты талдау, мемлекеттік қызметшілердің арасында сауалнама жүргізу арқылы жүргізіледі.»;
«16. Баға мына формуламен есептеледі:
К1 = Р1 + Р2 + Р3 + Р4
К1 – осы өлшем бойынша мемлекеттік органның бағасы;
Р1 – «кадр резервінен мемлекеттік органдардың өздері ұсынған үміткерлерді, сондай-ақ басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтау бойынша кадр резервіне қосылған үміткерлерді іріктеу» көрсеткіші;
Р2 – «үміткерлерді конкурстық негізде іріктеу» көрсеткіші;
Р3 – «кандидатураларды кадр резервінен іріктеу» көрсеткіші;
Р4 – «ауысу тәртібімен тағайындау» көрсеткіші».
Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәні 12 балл болып саналады.»;
Полная версия