Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.11.2014
Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 02-01-02/9 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 қаңтарда № 7384 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 10.11.2014 жылғы № 23 Бұйрығына сәйкес
Редакция 25.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 45-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН: :
1. Қоса беріліп отырған Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті (М.Ы. Өтешев):
1) осы бұйрықты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ә.А. Көмекбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
2012 жылғы 16 қаңтардағы
№ 02-01-02/9 бұйрығымен
бекітілген
Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі
Әдістеме өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.12.2012 жылғы № 02-01-02/191 Бұйрығымен (16.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) 
Әдістеме өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 25.12.2013 жылғы № 06-7/187 Бұйрығымен (29.12.2012 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Әдістеме өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.02.2014 жылғы № 04-2-4/42 Бұйрығымен (25.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 28.03.2014 жылы тіркелді
1. Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесін (бұдан әрі - Жүйе) іске асыру мақсатында әзірленген.
2. Әдістеме орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарында персоналды басқару жөніндегі шаралардың тиімділігін анықтауға арналған.  
3. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) жүзеге асырады.  
Орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволары, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аудандық бөлімшелерін қоспағанда, облыстар, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары персоналды басқару тиімділігін бағалау объектісі болып табылады.  
Агенттікке қатысты персоналды басқару тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі - Президент Әкімшілігі) іске асырады.  
4. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды өткізу үшін Агенттікте орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жөніндегі Сараптамалық комиссияның кіші тобы болып табылатын жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылады. Жұмыс тобының құрамы Агенттіктің бұйрығымен бекітіледі.
5. Персоналды басқару тиімділігін бағалау есепті (күнтізбелік) жылдың қорытындылары бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бекіткен Кестеге (бұдан әрі - Кесте) сәйкес жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi