Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015
Су объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу ережесiн және кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүретiн су жолдарының тізбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 105 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес
«Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн және оларды пайдалану қағидаларын бекiту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.06.2015 жылғы № 19-2/510 Бұйрығын қараңыз
Редакция 29.12.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 105-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1) Су объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу ережесi; 
2) Кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүретiн су жолдарының тiзбесi бекiтiлсiн.
2. "Су жолдарын кеме жүзетiн жолдар санатына жатқызу тәртібi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 тамыздағы N 931 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2004 жылғы 29 қаңтардағы
 N 105 қаулысымен
 бекiтiлген
Су объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу Ережесі
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес әзiрлендi және су объектілерін кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу тәртiбін белгiлейдi. 
2. Олар бойынша жүк пен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру мүмкін болатын әрi орынды су объектiлерi кеме жүзетiн су жолдары санатына жатады. 
3. Iшкi су жолдары навигация кезеңiнің белгiленген мерзiмiнде олардың тиесілілігі мен меншiк нысанына қарамастан кемелердiң iркіліссiз әрi қауiпсiз жүзуi үшiн кеме жүзуінің тиiстi габариттерін, кеме жүзетiн гидротехникалық құрылыстардың (шлюздердiң) жұмыс iстеуiн, су жолдарын пайдалану кезінде экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуi тиiс. 
4. Су жолдары арқылы жүк пен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру мүмкiндiгін әрi орындылығын көлiк, коммуникация кешенiнде басшылық пен салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы (бұдан әрi - орталық атқарушы орган) айқындайды. 
5. Орталық атқарушы орган су объектілерін кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу және су объектілерін немесе олардың бiр бөлігін (шекарасын көрсетiп) кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүзетiн су жолдарының тiзбесiне енгiзу туралы ұсыныстар дайындайды және оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi. 
6. Ұсыныстар негiздемелердi қамтиды, оларда: 
тасымалдау мен негiзгi жүк ағындарының көлемi; 
тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымның атауы; 
жол габариттерінің қысқаша сипаттамасы; 
су жолдарын пайдаланудың ерекшелiктерi; 
су жолдарына қызмет көрсету жөніндегi ұсыныстар; 
су жолын ұстау шығындарының есептеулерi; 
су объектiсінің схематикалық жоспары мен гидрологиялық сипаттамасы көрсетiлуi тиiс. 
7. Су объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу жөнiндегi ұсыныстар: 
су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен; 
қоршаған ортаны қорғау саласындығы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органымен; 
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2004 жылғы 29 қаңтардағы
 N 105 қаулысымен
 бекiтiлген
Кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүзетiн су жолдарының Тізбесі
1. Қара Ертiс өзенi (Қытай Халық Республикасымен шекарадан бастап) Зайсан көлi - Ертiс өзенi Бұқтарма, Өскемен және Шульба су қоймаларымен бiрге (Ресей Федерациясымен шекараға дейiн). 
2. Iле өзенi, Қапшағай су қоймасымен бiрге Қытай Халық Республикасымен шекарадан бастап Қапшағай CЭC бөгетiне дейiн. 
5. Есiл өзенi, Петропавл су қоймасының бөгетiнен бастап Солтүстiк Қазақстан облысының Приишимка кентiне дейiн. 
6. Қиғаш өзенінің учаскесi (Волга өзенiнің саласы) Қазақстан Республикасының аумағы. 
7. Жайық өзенiнің учаскесi, Ресей Федерациясынан бастап оның сағасына дейiн. 
8. Сырдария өзенi, Қызылорда қаласы мен паром өткелдерiнің маңы.
тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2006. № 1318 қаулысымен (29.01.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi