"Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 673 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1710 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 10 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 23.12.2015 жылғы № 1034 Қаулысына сәйкес
1. «Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 673 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 542-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«2. Акционерлiк қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерiн, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталында қатысудың бақылау үлестерiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын және мемлекеттiк кәсiпорындарды басқаратын мемлекеттiк органдар (бұдан әрi – мемлекеттiк органдар):
1) мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың 2011 – 2013 жылдарға арналған қаржы-шаруашылық қызмет жоспарына сәйкес 2011 жылға арналған өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыруын;
2) мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау қағидасына сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың 2012 – 2016 жылдарға арналған даму жоспарларының бекiтілуін;
3) мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне қосу үшiн мемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай операторға ұсынылуын қамтамасыз етсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау қағидасында:
«5. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган), стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін тиiстi салалардың уәкiлеттi органдарын қоспағанда, мыналарды:
1) мемлекеттiк органның (жергiлiктi атқарушы органның) стратегиялық жоспарында (аумақты дамыту бағдарламасында) көрсетiлген мақсаттарға қол жеткізуге және міндеттерді орындауға әкелетін ұйым қызметінің мақсаттары мен міндеттерін;
2) мемлекеттiк органның (жергiлiктi атқарушы органның) стратегиялық жоспарында (аумақты дамыту бағдарламасында) көрсетiлген оның мақсаттары мен міндеттерін орындау бойынша ұйымның қызметiн сипаттайтын сандық өлшенетін түйiндi көрсеткiштерін әзiрлейдi және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың бiрiншi қыркүйегiне дейiн ұйымға жеткiзедi.
Түйiндi көрсеткiштер сапа көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) оны алушылардың үміттеріне сәйкес келу дәрежесі) және тиімділік көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өндірілетін бірлігіне пайдаланылатын ресурстарды төмендету) заттай немесе құндық мәнін қамтуы мүмкін.
Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына (аумақты дамыту бағдарламасына) өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген немесе жаңа редакцияда бекітілген жағдайларда тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына (аумақты дамыту бағдарламасына) өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген немесе жаңа редакцияда бекітілгеннен кейін бір айдың ішінде, ұйым үшін мақсаттар мен міндеттерді, сондай-ақ түйiндi көрсеткiштерді нақтылайды.»;
«5-1. Тиiстi саланың стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін уәкiлеттi органдары жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың бiрiншi қыркүйегiне дейiн ұйымға:
1) тиiстi саланың уәкiлеттi органының оның бюджеттік бағдарламасында көрсетiлген бюджеттік бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізуге және міндеттерді орындауға әкелетін ұйым қызметінің мақсаттары мен міндеттерін;
2) тиiстi саланың уәкiлеттi органының оның бюджеттік бағдарламасында көрсетiлген оның мақсаттары мен міндеттерін орындау бойынша ұйымның қызметiн сипаттайтын сандық өлшенетін түйiндi көрсеткiштерін жеткiзедi.
Түйiндi көрсеткiштер сапа көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) оны алушылардың үміттеріне сәйкес келуіне) және тиімділік көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өндірілетін бірлігіне пайдаланылатын ресурстарды төмендету) заттай немесе құндық мәнінде қамтуы мүмкін.
Бюджеттік бағдарламаға өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген немесе жаңа редакцияда бекітілген жағдайда тиiстi саланың уәкiлеттi органы бюджеттік бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін немесе жаңа редакцияда бекітілгеннен кейін бір айдың ішінде, ұйымның мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ түйiндi көрсеткiштерін нақтылайды.»;
«6. Тиiстi жоспарланатын кезеңге арналған даму жоспарының жобасын әзiрлеудi, сондай-ақ даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді әзiрлеудi бiрыңғай оператор әзiрлеген бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалана отырып, ұйымның атқарушы органы мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1) бiрiншi жыл: бiрiншi жоспарланатын жылдың қаржы-шаруашылық қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi толық (таратылып) жазылады, жоспарланатын келесi жылдары жиынтықталып (жинақталып), енгiзiлетiн түзетулердi көрсете отырып, жылдар бөлiнiсінде көрсетiледi;
2) екiншi жыл: бiрiншi жылдың бағалануы, екiншi жыл толық (таратылып) жазылып, жоспарланатын келесi жылдары жиынтықталып (жинақталып), енгiзiлетiн түзетулердi көрсете отырып, жылдар бойынша бөлiнісі түрінде;
3) үшiншi жыл: бiрiншi жылдың фактісі мен екiншi жылдың бағалануы, үшiншi жыл толық жазылып (таратылып), келесi жылдар жиынтықталып (жинақталып), енгiзiлетiн түзетулердi көрсете отырып, жылдар бойынша бөлiнісі түрінде;
4) төртiншi жыл: бiрiншi, екiншi жылдардың фактісі және үшінші жылдың бағалануы, төртiншi жыл толық жазылып (таратылып), келесi жылдар жиынтықталып (жинақталып), енгiзiлетiн түзетулердi көрсете отырып, жылдар бойынша бөлiнісі түрінде;
5) бесiншi жыл: бiрiншi, екінші, үшінші жылдардың фактісі және төртiншi жылдың бағалануы, бесiншi жыл толық жазылып (таратылып) енгiзiлетiн түзетулердi көрсетеді.
Даму жоспарында жиынтықталған көрсеткiштер, оның ішінде мақсаттарға және мiндеттерге қол жеткізу бойынша көрсеткіштер, түйiндi көрсеткiштер көрсетіледі. Даму жоспарына түсіндірме жазба түзетулерді ескере отырып, өткен жылдардың жыл сайынғы бағалануын және жоспарланған кезеңнің аяғына дейін алдағы кезеңнің жиынтықталған көрсеткiштерiнің негіздемесін қамтиды.
7. Атқарушы орган жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың бiрiншi қазанына дейiн тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) даму жоспарының жобасын, сонымен қатар жыл сайынғы түзетулерді (даму жоспарының екінші - бесінші жылдары) қарауға және келiсуге жiбередi.
Байқау кеңесi бар шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарда атқарушы орган даму жоспарының жобасын тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) келiсуге енгiзбестен бұрын оны алдын ала байқау кеңесiмен келiседi.
Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) даму жоспарының жобасы түскен күннен бастап оны он бес жұмыс күнi iшiнде қарайды.
Атқарушы орган лер болған жағдайда он жұмыс күні ішінде даму жоспарының жобасын пысықтайды және тиісті саланың уәкілетті органына немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) қайтадан келісуге жібереді.
Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) пысықталған даму жоспарының жобасын он жұмыс күнi iшiнде қарайды.»;
«9. Даму жоспарының жобасын, сондай-ақ бекітілген даму жоспарының түзетулерін акционерлiк коғамның директорлар кеңесi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктің байқау кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша тиiстi саланың уәкiлеттiк органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың жиырма бесiншi желтоқсанына дейiн бекiтедi.»;
«11. Бiрыңғай оператор ұйымның электрондық есебі түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұйымның электрондық мекенжайына электрондық есепті тiзiлiмге енгізгені туралы немесе оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы хабарлама жібереді.
Бiрыңғай оператор электрондық есепті қабылдаудан бас тартқан жағдайда, ұйым лерді жояды және қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама алған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде электрондық есепті қайтадан енгізеді.»;
Атқарушы орган жартыжылдық аяқталатын күнге дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей даму жоспарының өзгертілген жобасын тиісті негіздемелерімен қоса, акционерлiк коғамның директорлар кеңесiнің, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестіктiң байқау кеңесiнің, мемлекеттiк кәсiпорынның тиiстi саласының уәкiлеттi органының (жергiлiктi атқарушы органға немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның) қарауына енгізеді.
лер болған жағдайда, атқарушы орган бес жұмыс күнi iшiнде даму жоспарының түзетiлген жобасын пысықтайды және акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiне, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқау кеңесiне, мемлекеттiк кәсiпорынның тиiстi саласының уәкiлеттi органына (жергiлiктi атқарушы органға немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) қайтадан ұсынады. Жартыжылдық аяқталатын күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, акционерлiк қоғамның директорлар кеңесi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқау кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорынның тиiстi саласының уәкiлеттi органына (жергiлiктi атқарушы органға немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) түзетілген даму жоспарын бекітеді.
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң елдегi жағдай мен iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауына, мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстерге, сондай-ақ ұйымның қызметiне елеулі әсерi бар iшкi және сыртқы ортаның өзгеруiне;
3) мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына (аумақты дамыту бағдарламасына) өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне немесе көрсетілген құжаттарды жаңа редакцияда қабылдауға, оның ішінде мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың бюджеттен қаржыландырылуына немесе бюджеттік кредиттеуге байланысты жол беріледі.
14. Жыл сайын атқарушы орган акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiне, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқау кеңесiне, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша – тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) тиiстi негiздемелерiмен қоса, даму жоспарының (даму жоспарының екінші-бесінші жылдары) түзетiлген жобасын қарауға ұсынады.
Даму жоспарының түзетілген жобасы даму жоспарының алдыңғы жылдарда іске асырылуын бағалау туралы ұсыныстарды, жоспарланатын кезең аяқталғанға дейін даму жоспарының жиынтықталған көрсеткiштерiн қамтиды.
Байқау кеңесi бар шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарда атқарушы орган даму жоспарының түзетiлген жобасын, оны тиiстi саланың уәкiлеттi органымен немесе жергiлiктi атқарушы органмен (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен) келiсуге енгiзгенге дейiн, байқау кеңесiмен алдын ала келiседi.
Акционерлiк қоғамның директорлар кеңесi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктің байқау кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша – тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) даму жоспарының түзетiлген жобасын тиiстi негiздемелерiмен қоса келiп түскен күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарайды.
лер болған жағдайда, атқарушы орган бес жұмыс күнi iшiнде даму жоспарының түзетiлген жобасын пысықтайды және оны акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiне, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқау кеңесiне, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша – тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) қайтадан ұсынады.
Акционерлiк қоғамның директорлар кеңесi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқау кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша – тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) даму жоспарының пысықталған жобасын он күн iшiнде қарайды.»;
«17. Ұйымның даму жоспарының іске асырылу мониторингі директорлар кеңесi, байқау кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша – тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) ұйымның даму жоспарын орындау жөніндегі есебін бекіткеннен кейін жыл сайын отыз күнтізбелік күннің ішінде жүргізіледі.
Ұйымның даму жоспарының іске асырылу мониторингі даму жоспарының және директорлар кеңесi, байқау кеңесi, тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) бекіткен ұйымның даму жоспарын орындау жөніндегі есебі негізінде жүргізіледі.»;
есепті кезеңде даму жоспарын іске асыру қорытындылары туралы қызметтің түйiндi көрсеткiштері, мақсаттары мен міндеттері бөлінісінде, оның ішінде оларға қол жеткізілу дәрежесі туралы (нақты нәтижелердің жоспарланғандардан ауытқулары болған жағдайда, түпкілікті нәтижелерге әсер еткен себептер мен факторларды ашып көрсету қажет);
даму жоспарын іске асыру процесінде туындаған проблемалар, олардың қызметтік мақсаттары мен түйiндi көрсеткiштеріне ықпалы, сондай-ақ анықталған проблемаларды шешу мен даму жоспарының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шараларды қамтитын талдама жазбаны;
3) ұйымның даму жоспарын іске асыруды жалғастыру жөніндегі, ұйымның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жауапты орындаушылардың жоспарланған іс-шараларды уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы және басқа да ұсынымдарды;
4) қажет болған жағдайда жекелеген мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды, ресурстарды қайта бөлуді, тиімсіз болған іс-қимылдарды тоқтатуды қайта қарауды және проблемаларды шешу мен осал жерлерді жөндеуде жаңа тәсілдер әзірлеуді қамтиды.
17-2. Мониторингтің нәтижелерін тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган), мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң директорлар кеңесі (байқау кеңесi) ұйымның даму жоспарының мақсаттарына, міндеттеріне, көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында қолданады.
17-3. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) мониторинг нәтижелерін, осы Қағиданың қосымшасына сәйкес «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі» бағдарламалық қамтамасыз етуді (қол қойылған және мөрмен расталған қағаз түріндегі қорытындының сканерленген көшірмесін қоса бере отырып) пайдалана отырып, электронды түрде мемлекеттік мүлік тізіліміне қосу үшін жібереді, оларға тиiстi саланың уәкiлеттi органының немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның) басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады.
Бiрыңғай оператор мониторингтің нәтижелері түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде тиiстi саланың уәкiлеттi органының немесе жергiлiктi атқарушы органның электрондық мекенжайына мониторинг нәтижелерінің тiзiлiмге енгізілгені туралы немесе оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы хабарлама жібереді. Бiрыңғай оператордың мониторинг нәтижелерін қабылдаудан бас тарту негіздемесі тиiстi саланың уәкiлеттi органының немесе жергiлiктi атқарушы органның осы Қағидада көрсетілген талаптарды бұзуы болып табылады.
Бiрыңғай оператор мониторинг нәтижелерін қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган лерді жояды және мониторинг нәтижелерін қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде мониторинг нәтижесін бiрыңғай операторға қайтадан енгізеді.
Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың
және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң,
мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын
әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың
мониторингi мен оны бағалау қағидасына қосымша
* мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарында (аумақты дамыту жоспарында), бюджеттік бағдарламада көрсетiлген мақсаттар мен міндеттерді орындау бойынша ұйымның қызметiн сипаттайтын көрсеткiштері
Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі