Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.01.2016
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 673 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 10 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 23.12.2015 жылғы № 1034 Қаулысына сәйкес
«Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.03.2015 жылғы № 249 Бұйрығын қараңыз
Редакция 28.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2011 жылғы 1 наурыздағы 11-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидасы бекітілсін.
2. Акционерлiк қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерiн, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталында қатысудың бақылау үлестерiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын және мемлекеттiк кәсiпорындарды басқаратын мемлекеттiк органдар (бұдан әрi – мемлекеттiк органдар):
1) мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың 2011 – 2013 жылдарға арналған қаржы-шаруашылық қызмет жоспарына сәйкес 2011 жылға арналған өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыруын;
2) мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау қағидасына сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың 2012 – 2016 жылдарға арналған даму жоспарларының бекiтілуін;
3) мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне қосу үшiн мемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай операторға ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.12.2012 № 1710 (20.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi)
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.12.2012 № 1710 Қаулысымен (20.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi)
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 20 маусымдағы
 № 673 қаулысымен
 бекітілген
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидасы
1. Осы Қағида «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 7) тармақшасына және 185-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі - ЖШС) және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын (бұдан әрі — даму жоспары) әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ұйымдар-мемлекет бақылайтын АҚ және ЖШС, мемлекеттік кәсіпорындар;
2) бірыңғай оператор - мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер жүктелген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған заңды тұлға;
3) атқарушы орган - атауы ұйымның жарғысымен айқындалатын, атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын алқалы орган немесе тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi