Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 19.04.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 Қаулысы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысымен бекiтілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Стратегиялық жоспар жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 42 (23.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(01.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы. Қазақстан Республикасының экономикалық өсуін және экономикасының жоғары бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізуге жәрдемдесу мақсатында мемлекеттік қаржының тұрақтылығын, сенімділігін және теңгерімділігін қамтамасыз ету.
Пайымдауы. Неғұрлым дамыған, орнықты және прогрессивті эволюцияланатын жүйелердің бірі ретінде әлемдік қоғамдастық саралайтын мемлекеттік қаржының тиімді жұмыс істейтін жүйесі.
2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларын (аяларын) дамыту үрдістерін талдау
1-стратегиялық бағыт. Нәтижеге бағдарланған бюджетті қалыптастыру
Бюджеттің толық және уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бюджеттерді жоспарлау және атқару сапасын арттыру, бюджеттердің атқарылуына және мемлекеттік мекемелердің шоттарына қазынашылық қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алу процесінің тиімділігін оңтайландыру және арттыру, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің қаражатын пайдалану кезінде қаржылық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
2009 жылы әлемдегі тұтынудың жаһандық қысқаруы салдарынан Қазақстан экономикасының салаларындағы іскерлік белсенділіктің баяулауына байланысты бюджет жүйесі кірістерінің күрт қысқарғаны байқалды. Мәселен, егер 2008 жылы ЖІӨ-нің 25,1%-ы мемлекеттік бюджет арқылы қайта бөлінген болса, онда дәл осындай көрсеткіш 2009 жылдың қорытындылары бойынша 20,6%-ды құрады. Мемлекеттік бюджет кірістері 2009 жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда 13,1%-ға қысқарды.
Ел үкiметi шығыстарды оңтайландыру және әлеуметтік төлемдерді арттыру және дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру арқылы тұтынушылық сұранысты бюджеттік ынталандыру мақсатында оларды қайта бағдарлау жолымен республикалық бюджеттің едәуiр тапшылығына жол бермедi.
2010 жылдың қорытындылары бойынша республикалық бюджеттің тапшылығы ЖІӨ-ге 2,5%-ды құрады, бұл 2010 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген көрсеткіштен төмен. Салыстыру үшін, басқа елдерде бюджет тапшылығы: АҚШ-та – ЖІӨ-нің 8%-ын, Жапонияда – ЖІӨ-нің 7,6%-ын, Ресейде – ЖІӨ-нің 4,1%-ын, Қытайда – ЖІӨ-нің 2,8%-ын, Ұлыбританияда – ЖІӨ-нің 7,9%-ын, Францияда – ЖІӨ-нің 5%-ын, Украинада – ЖІӨ-нің 5%-ын, Белоруссияда – ЖІӨ-нің 3%-ын құрады. Қазақстанда республикалық бюджеттің тапшылығын одан әрі кезең-кезеңмен, ал 2014 жылы ЖІӨ-нің 1,3%-ына дейін төмендету жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлаудың жаңа жүйесi бекітілген, оның негізгі элементі мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары болды.
2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексі күшіне енгізілді, ол нәтижеге бағдарланған бюджеттеудің заңнамалық негізін салды. Бюджетті "сырғымалы үш жылдық" қағидаты бойынша қалыптастыру қамтамасыз етілді.
Полная версия