Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.04.2011
Қазақстан Республикасында биржалық қызметтi дамыту жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 тамыз N 1253
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 06.04.2011 № 375 Қаулысымен (12.08.2000 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
#$ҚР Үкіметінің 28.08.2000. № 1316
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Тауар биржалары туралы" 1995 жылғы 7 сәуiрдегi заң күшi бар    Жарлығының 3-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасында биржалық қызметтi одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
1. 1-қосымшаға сәйкес Ашық тауар биржалары арқылы ғана сатуға жататын биржалық тауарлардың тiзбесi мен ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерi бекiтiлсiн. 
2. Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес, оларды жасасу мен тауар биржаларында тiркеу нысанасына, осы қаулының 1-қосымшасында аталған тауарларды сатып алу және сату бойынша мәмiлелердiң (келiсiм-шарттардың, келiсiмдердiң) тұрақты мониторингiн жүргiзсiн және ай сайын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiне мониторингтiң нәтижелерi туралы мәлiметтер ұсынсын. 
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi шаруашылық жүргiзу субъектiлерiнiң осы қаулының 1-қосымшасында аталған тауарларды тауар биржаларынан басқа жерде сатуы фактiлерi анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi шаралар қолдансын. 
4. Тауар биржаларына тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) нарықтық бағасын анықтау және тану кезiнде салық салу мақсатында ай сайын Қазақстан Республикасының салық органдарына биржалық бағалар белгiлеу жөнiнде мәлiметтер беру ұсынылсын. 
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының биржалық қызметтi дамытуға бағытталған заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. 
6. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсiн.
8. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап қолдануға енгiзiледi және жариялауға жатады.
           ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшері
Полная версия
ИС BestProfi