«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 30) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1057 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес «Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 07.10.2015 жылғы № 978 Бұйрығын қараңыз
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1057 қаулысымен бекітілген
Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынымдарын ескере отырып әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында әуеайлақтық қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында әуеайлақтық қамтамасыз ету тәртібі:
1) әуеайлақ қызметін ұйымдастыру тәртібін;
2) ұшу алаңын ұшуға дайындау және ұстау тәртібін;
3) арнайы мақсаттағы алаңдарды, әуеайлақ жабдықтары мен құрылғыларын дайындау және ұстау тәртібін;
4) гидроәуеайлақтарды дайындау және ұстау тәртібін қамтиды.
3. Теңіз және тікұшақ алаңдарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалану және қамтамасыз ету тәртібі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін нұсқаулықта реттеледі.
4. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
1) әуеайлақ – жер немесе су бетінің толықтай немесе ішінара әуе кемелерінің келуіне, жөнелтілуіне және осы жер бетімен қозғалуына арналған белгілі бір учаскесі (ғимаратты, құрылыстарды және жабдықты қоса алғанда);
2) әуеайлақ маягы – әуеден әуеайлақтың орналасқан жерін анықтау үшін пайдаланылатын аэронавигациялық маяк;
3) орналастыру әуеайлағы – әуе кемелерін орналастыруға арналған және осы мақсаттар үшін қажетті құрылыстары бар әуеайлақ;
Полная версия