Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1125 Қаулысы
Редакция 20.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.А. Мұсабаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 29 қазандағы
 № 1125 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама
1. Бағдарламаның паспорты
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.01.2012 жылғы № 136 Қаулысымен (29.10.2010 ж. редакцияны қараңыз)  
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1382 Қаулысымен (26.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Атауы              Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту
                   жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама

Әзірлеу үшін       Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19
негіздеме          наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан
                   Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық
                   дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған
                   мемлекеттік бағдарламасы;
                   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14
                   сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан
                   Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын
                   үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі
                   2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік
                   бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар
                   жоспары

Бағдарламаны       Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
әзірлеуге және
іске асыруға
жауапты
мемлекеттік
орган

Бағдарламаның      Толыққанды ғарыш саласын құрудың бірінші кезеңін
мақсаты            іске асыру

Міндеттері         1) Мақсатты ғарыш жүйелерін құру;
                   2) Жерүсті ғарыш инфрақұрылымын дамыту;
                   3) Ғарыш қызметінің ғылыми және
                   ғылыми-технологиялық базасын дамыту;
                   4) Ғарыш жүйелерін пайдаланудың мақсатты жобаларын
                   іске асыру;
                   5) Ғарыш саласының кадрлық әлеуетін дамыту жүйесін
                   қалыптастыру;
                   6) Ғарыш саласының шарттық, құқықтық және
                   нормативтік-техникалық базасын құру

Іске асыру         2010-2014 жылдар
мерзімдері
(кезеңдері)

Нысаналы           1. 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 2014 жылы жалпы  
индикаторлар      қосылған құнның (бұдан әрі – ЖҚҚ) 30 %-ға өсуі.
                   2. Тіркелген спутниктік байланыс арналарына елдің қажеттілігін 
                   қанағаттандыру дәрежесі 2014 жылы – 80 %.
                   3. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация қызметін көрсетуге елдің 
                   қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі (Қазақстан аумағын жабу %) 
                   2014 жылы – 55 %.
                   4. 2014 жылы тұтынушыларға берілетін ғарыш деректерінің жалпы 
                   санындағы қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі – ЖҚЗ) 
                   ғарыш аппараттарынан (бұдан әрі – ҒА) алынатын деректердің үлесі – 50 %.
                   5. 2014 жылы ғылымды қажетсінетін кемінде 9 ғарыш технологиясын енгізу.

Қаржыландыру       Бағдарламаны іске асыруға 2010 - 2014 жылдары
көздері мен        республикалық бюджет қаражаты бағытталады.
көлемдері          2010 – 2014 жылдарға арналған Бағдарламаны iске асыруға 
                   байланысты республикалық бюджеттен қаржы шығындары 
                   137,7 млрд. теңгенi құрайды.
                   Республикалық бюджет қаражаты есебінен
                   қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығындар
                   көлемі Қазақстан Республикасының үш жылдық кезеңге
                   арналған республикалық бюджет туралы Заңына сәйкес
                   анықталатын болады.
XXI ғасырдағы Қазақстанның жетістігі - бұл оның саяси және экономикалық ықпал ету, мәдени және адамгершілік жағынан тартымды болу орталығы ретінде қалыптасуы. Бұл жаңа даму шептеріне ұмтылыс, өмір мен қауіпсіздіктің жаңа сапасын бекіту. Ғаламдық динамикалық бәсекелестік жағдайында елімізге табыс идеологиясы, Қазақстанның табысты жобасы әрі оның құрылысының бағдарламасы ауадай қажет. Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жолдауы - осы қазақстандық табыс идеологиясының берік негізі, мықты іргетасы. Бұл құжаттың зор тарихи мағынасы, болашақ өзгерістер қуаты және мемлекеттік дамудың күшті энергетикасы бар.
Құжат Үкімет пен Қазақстан қоғамының алдында орасан зор міндеттер қояды, оларды іске асыру дүниежүзінің жоғары дамыған және бәсекеге аса қабілетті мемлекеттердің таңдаулы клубына алып шығады. Бәсекеге қабілеттілік - Қазақстанның әлемдік экономика мен қауымдастыққа табысты ықпалдасу жолы, сондықтан Қазақстанды индустрияландыруды халықаралық нарықтардың талаптары мен шарттарына жауап беретін негізде жаңа тәсілмен қамтамасыз ету қажет.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, жоғары технологиялық индустрияның негіздерін құрудың тиімді жолдарының бірі ғарыш қызметін дамыту, елдің ғарыш бағдарламасын іске асыру және ғарыш технологияларын өнеркәсіптік өндіріске енгізу болып табылады. Дуниежүзінің жетекші елдерінің экономикасында ғылымды қажетсінетін, ресурс үнемдейтін технологиялар мен өндірістер рөлі өсуінің тұрақты үрдісі байқалатыны сөзсіз.
Өте үлкен аумағы және аса бай қорлары бар Қазақстан үшін космонавтика - бұл геосаяси, экономикалық және ғылыми-практикалық мүдделер аясы. Онсыз елімізде бірыңғай ақпараттық кеңістік құру, оның табиғи ресурстарын зерттеу және ұтымды пайдалану, экологиялық мониторинг жүргізу өте қиын. Бұл ретте көптеген жағдайларда ол ұсынатын мүмкіндіктерге балама жоқ. Ғарышты игеру адамдарға байланысты және көп арналы телевизиялық хабар таратуды, түрлі объектілердің орналасқан жерін жоғары дәлдікпен табуды және олардың қозғалысын басқаруды, метеорология және басқаны ұйымдастыруда негізінде жаңа міндеттерді шешудің шексіз мүмкіндіктерін ашты.
Осы салалық бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама  шеңберінде әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті Қазақстанның ғарыш саласын құру стратегиясын іске асыру мақсатында әзірленді. Ол болашақта даму әлеуетімен ғарыш техникасын ғылыми зерттеулерден техникалық пайдалануға және коммерциялық қолдануға дейінгі технологиялық тізбекті толық қамтитын барлық элементтерді құруды көздейді.
Ғарыш саласы жобаларының ұзақ мерзімділігі мен ғылымды қажетсінуін ескере отырып, тиісті Бағдарламаны қабылдау сала құрылысына қатысушылардың, соның ішінде ғарыш қызметтерін алуға мүдделі мемлекеттік органдардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық күшін біріктіруге мүмкіндік береді.
Полная версия
ИС BestProfi