Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.09.2014
Азия Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2012 жылғы 8 тамыздағы № 146-ө Өкiмi
Осы Өкім күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысына сәйкес
Редакция 09.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2014 жылғы 2-5 мамырда Астана қаласында Азия Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісін (бұдан әрі - жыл сайынғы мәжіліс) сапалы дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Осы өкімнің қосымшасына сәйкес құрамда жыл сайынғы мәжілісті дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылсын.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің 12.02.2013 жылғы № 23-ө Өкімімен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 8 тамыздағы
№ 146-ө өкіміне
қосымша
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.11.2012 жылғы № 1445 Қаулысымен (08.08.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің 12.02.2013 жылғы № 23-ө Өкімімен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.09.2013 жылғы № 148-ө Қаулысымен (12.02.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (03.09.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Азия Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі
      Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
      Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
      Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі
      Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі
      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі
      Астана қаласының әкімі
      Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
      «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)
Полная версия
ИС BestProfi